ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті индустриялық-инновациялық жобалар мониторингі және цифрландыру басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 01.07.2020 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Ақпараттық жүйелер
- Құрылыс
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың құзыреті шеңберінде ақпараттық, талдамалық және өзге де қажетті материалдарды дайындау; басқарма құзыретіне кіретін салалық (өңірлік) бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарлары мен басқа да нормативтік және директивтік құжаттарды әзірлеуге қатысу және олар бойынша тиісті қорытындылар ұсыну; Инвестициялық жобалар туралы ақпаратты өңдеу және жинауды ұйымдастыру; Индустрияландыру картасы бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу, индустриялық-инновациялық жобаларды іріктеу тәртібін әзірлеу; жобаларды қолдау шараларын жасау; Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жасау; жобаны экономикалық мақсатқа сай талдау және қорытындылау; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хат жобаларын (есеп берулер, жауаптары және т.б.) және ақпарат дайындау; Комитет және басқарма басшылығы белгілеген өзге де өкілеттілікті жүзеге асыру; «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіпке цифрландыру элементтерін (Индустрия 4.0) енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асырудың тиімділігін талдауды жүргізу; кәсіпорындарда 4.0 Индустрия элементтерін енгізу бойынша статистикалық көрсеткіштердің мониторингін жүргізу; өңірлерді цифрландыру жобаларын іске асыру мониторингін жүргізу; модельді сандық фабрикаларды құру бойынша жобаны іске асыруды сүйемелдеу; модельді цифрлық фабрикалар құру бойынша жобаның тиімділігіне талдау және өнеркәсіпті цифрландыру бөлігінде НҚА жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді жүргізу (кедергілерді анықтау және анықталған кедергілерді жою бойынша ұсынымдар әзірлеу); өнеркәсіпті цифрландыруды мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеу; жүргізілетін жұмысты ақпараттық сүйемелдеу және цифрландыру тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер, практикалық семинарлар өткізу (Индустрия 4.0).
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- Нур-Султан қ., Қабанбай батыр 32/1 даңғылы, "Transport tower" ғимараты
-
75-45-30, 75-49-82