"Қазфосфат"
"Қазфосфат" ЖШС Қазақстан Республикасының химия саласындағы ірі кәсіпорындардың бірі, фосфорит кендерін өндіруден, өңдеуден, байытудан бастап, химиялық өнімнің үлкен ассортиментін – сары фосфорды, оның туындылары мен фосфоры бар тыңайтқыштарды шығаруға дейінгі жұмыстардың барлық түрлерін жүргізетін компания болып табылады және дайын өнімді алыс және жақын шетелдерге, ЕАЭО елдеріне экспорттайды.
Компания 6 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейтін Жамбыл облысының ірі өндіріс ошақтарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда" Қазфосфат " біздің еліміздегі сары фосфор мен аммофос өндірісін жүргізетін жалғыз кәсіпорын, ал оның үлесі химия өнеркәсібінідегі өндіріс көрсеткішінің 30% астам бөлігін құрайды.
Кәсіпорын жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі фосфор минералды тыңайтқыштарын өндіру болып табылады.
Кәсіпорын құрылымында үлкен қоры бар шикізат фосфат базасының, меншікті күкірт қышқылы мен энергия ресурстарының болуы - фосфоры бар тыңайтқыштарды өндіру саласындағы бизнестің тұрақты дамуына, олардың қатарын кеңейту, сондай-ақ ел ішінде де, сыртқы нарықта да сату үшін тұтыну қасиеттерін арттыру үшін өте тиімді.
Фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірісінің көлемі 2010 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде 76892 тоннадан 393 420 тоннаға дейін өсті, өсім 5,1 есе құрады.
Бүгінгі таңда өндірілетін өнімнің жалпы көлемінің 89 пайызы 27-ден астам елге экспортталады, олардың қатарында Еуропа, ТМД, Азия және Америка елдері бар.
2010-2019 жылдар аралығында индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру кезінде "Қазфосфат" ЖШС инновациялық технологияларды қолдана отырып, қолданыстағы қуаттарды қайта құру және жаңғырту бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Осы жылдар ішінде ірі инвестициялық жобалар аяқталды:
- № 5,6,7,8 пештерде пеш газын кәдеге жарату жүйесін салу;
- тағамдық ортофосфор қышқылы өндірісін салу;
- Чехия елінің Фосф компаниясымен бірлесіп натрий гексаметафосфаты өндірісін салу;
- Фосфор қалдығын кәдеге жарату;
- сары фосфорды органикалық зиянды қоспалардан тазарту;
- электрогенерациясы бар күкірт қышқылы өндірісін салу;
- сары фосфорды күшәннің зиянды қоспаларынан тазарту;
- кептіру барабандары мен Фс пешінен кейін тазалау жабдығын ауыстыру;
- ЭФК цехын қайта құру;
- аммофос цехының БГС қайта құру.
Қазіргі уақытта "Қазфосфат" ЖШС өз алдына 10:46 маркалы аммофос шығаруды жылына қосымша бір миллион тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойып отыр.
"Қазфосфат" ЖШС қысқа мерзім ішінде бәсекеге қабілетті өндірістік қуаттарды құрып қана қоймай, шет елдерге жоғары технологиялық өнімді сенімді жеткізуші ретінде танылды.
Тараз қ. Абай көшесі, 126 үй
+7 (7262) 45-14-94
+7 (7262) 43-15-50