«Большевичка» Қостанай фабрикасы
Қостанай өңіріндегі "Большевичка" фабрикасы — Қазақстанның ең көне кәсіпорындарының бірі. 1942 жылдың 25 ақпанында Қостанай қаласына майдан маңындағы өңірлерден 6 өнеркәсіптік кәсіпорын көшірілді. Алғашқылардың қатарында украиндық Херсон қаласынан көшірілген "Большевичка" тігін фабрикасы болды. Сондай-ақ аймаққа инженерлер, техниктер және кәсіпорынның көптеген қызметкерлері де қоныстанды. Содан бері фабрикада ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әулеттер қатары да еңбек етеді.
Бүгінде фабрика Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҚР ҰҚК, "Самұрық Қазына" АҚ еншілес компаниялары, коммерциялық ұйымдар мен аймақ тұрғындары үшін киім тігуге мамандандырылған. Айта кету керек, фабриканың өндірістік қуаты жыл сайын артып келеді. Мысалы, қазір "Большевичка" жылына 100 мыңнан астам өнім шығарады, ал компания айналымы 2018 жылмен салыстырғанда үш еседен астам өсті.
Жалпы білім беру мекемесі оқушыларының ең басты атрибуты – бұл, әрине, мектеп формасы. Қазір ата-аналардың басым бөлігі мектеп киімін таңдау барысында отандық өндірушілердің өнімдеріне жүгінеді. Бұл бағытта Қостанай фабрикасы да жұмыс істейді. Сәнді, ыңғайлы жинақтар аймақтың осы өнімге деген қажеттілігін толығымен жабады. "Большевичкадан" шығатын мектеп формасының басты ерекшелігі тігіншілер әр түрлі дизайнерлік үлгілерді кеңінен қолданылады.
Сондай-ақ, кәсіпорында кеудешелер, күртешелер, белсенді демалуға арналған киім, балық аулау, аң аулау және маусымдық күртешелер шығарылады. Тауардың сапалы әрі бағасының қолжетімді болуы басты мәселе. Бүгінгі күні отандық өндірушіні көп адам таңдайтынын ескерсек, "Қостанайда жасалған" бренді қайта таныла бастағанын айтуға болады.
Өнімді өндіру кезінде қоспалық және мақта маталары, DuPont және Indura жоғары технологиясы бар маталар қолданылады. Бронежилеттерді шығару үшін жоғары баллистикалық қасиеттері жоғары маталар қолданылады, ал металлургтер үшін алюминийленген маталар қолданылады.
Ал қазіргі уақытта фабрика негізгі өндірістен бөлек, қорғаныс маскаларын тігумен айналысады. Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап фабрикада 200 мыңнан астам маска шығарылды. Ол жергілікті дәріханалар мен ауруханаларға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдеріне жіберілді. Сонымен қатар, зауыт қызметкерлері жергілікті тұрғындарға 10 мыңнан астам бетперде таратты.
Бүгінде фабрикада 250-ден астам адам еңбек етеді. Жақын арада "Большевичка" фабрикасы спорттық киімдердің жаңа үлгісін шығаруды жоспарлап отыр.
Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 117 үй
8 (7142) 54 24 14
8 (7142) 53-05-85
fabrika-kz@mail.ru