Өскемен титан-магний комбинаты

Жобасы туралы

Металлургия саласындағы алдыңғы қатарлы жобалардың бірі «Өскемен титан-магний комбинаты» - Қазақстанның түсті металлургиясының флагманы болып табылады. Қазіргі кезде кәсіпорында 2 000-нан астам адам еңбек етеді.

"Өскемен титан-магний комбинаты" өнімінің негізгі түрлері: кеуекті титан, құймадағы алғашқы магний, титан құймалары мен қорытпалары болып табылады. Зауыт өнімдері әлемнің авиағарыштық саласының барлық өндірушілерімен сертификатталған. Қазіргі уақытта өнімдердің 100 пайызы АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Үндістан және Қытай сияқты индустриялық дамыған елдерге экспортқа шығарылады.

Мақсаты

Осы бағдарламаның негізгі мақсаты шығарылатын өнімнің номенклатурасын кеңейту, титан өндірісін жаңа қайта бөлуді ұйымдастыру, сондай-ақ тиісті мамандарды даярлаумен өндірістік процестерді автоматтандыру және роботтандыру болып табылады.

Отандық титан саласындағы маңызды әрі қажетті жобалардың бірі мұнай-газ машиналарын жасау бағытына өнім шығару, сонымен қатар, титан жабыны бар құбырлар мен аддитивті өндіріс үшін титан ұнтақтарын өндіру болып табылады.

Титанның биологиялық инерттілігін ескере отырып, алдағы уақытта биоимпланттар мен медициналық құралдар өндіретін кәсіпорын құру жоспарлануда.

Қорыта айтатын болсақ, "Өскемен титан-магний комбинатының" инновациялық жобалары индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының табысты іске асырылуының айқын үлгісі.

Нәтижелері

"ӨТМК" АҚ титан үлесі:

  • әлемдік деңгейде 11%;
  • авиағарыштық салада 18%.

Өндіріс ошағы осындай жоғары көрсеткіштерге индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалардың іске қосылуы және үш бірлескен кәсіпорын құру арқылы қол жеткізді ("UKAD" және EcoTitanium - Франция, Оңтүстік Кореяда "ПОСУК Титаниум" ЖШС).  Зауыт өз қызметінде инновацияларға және инновациялық технологияларды үнемі әзірлеуге және енгізуге аса көңіл бөледі (титан қорытпаларының 14 түрін өндіреді).

2019 жылы кеуекті титан өндірісінің көлемі 2018 жылға қарағанда 44% - ға артты. Сондай-ақ, биыл титан құймалары мен қорытпалары өндірісінің көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4% - ға артты. 2018-2019 жылдар кезеңінде кәсіпорынның өндіріс көлемінің ұлғаюы авиағарыштық және өнеркәсіптік нарықтарға сұраныстың артуына байланысты.

Бүгінгі таңда компанияда 2033 жылға дейінгі Даму стратегиясы әзірленді, оның шеңберінде бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылуда.