«Бірыңғай индустрияландыру картасының кейбір мәселелері туралы»

«Бірыңғай индустрияландыру картасының  кейбір мәселелері туралы»

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
65-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 534 «Индустрияландырудың бірыңғай картасын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қабылданған түзетулер Индустрияландырудың бірыңғай картасын өзектендіруді көздейді, оның ішінде жекелеген жобаларды жаңа редакцияда баяндау, жаңа инвестициялық жобалармен толықтыру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның бастамашылығымен бұрын енгізілген бірқатар жобаларды алып тастау қарастырылған.

Аталған өзгерістер Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан және Алматы қаласын қамтиды.

Индустрияландырудың бірыңғай картасын өзектендіру инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингінің тиімділігін арттыруға, жоспарлаудың ашықтығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған.

Индустрияландырудың бірыңғай картасын сүйемелдеу және өзектендіру жұмыстары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 тамыздағы
№ 592 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларына сәйкес жалғастырылады.

Бұйрықтың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.