Ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлардың тізбесін бекітілді

Ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлардың тізбесін бекітілді

«Машина жасау саласы тауарларының және ұлттық режимнен алып тастауға жататын химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсібі тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 262 бұйрығы «Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 314 қаулысының 3-тармағына сәйкес қабылданды.

Құжатта машина жасау саласы тауарларының, сондай-ақ ұлттық режимнен алып тастауға жататын химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсібі тауарларының тізбесі бекітілді.

Бұйрықты қабылдау отандық өндірушілерді қолдауға, елдің өнеркәсіптік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алуды жүзеге асыру кезінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту үшін жағдай жасауға бағытталған.

Бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті бекітілген Тізбені Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынуды, сондай-ақ бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/1018357?lang=kk