Жеңіл өнеркәсіптің тауарлары, жұмыстары мен қызметтері бойынша ұлттық режимнен алып қоюлар белгіленді

Жеңіл өнеркәсіптің тауарлары, жұмыстары мен қызметтері бойынша ұлттық режимнен алып қоюлар белгіленді

Қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау және жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 4 наурыздағы №149 «Ұлттық режимнен алып қоюларды белгілеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, шет мемлекеттерде шығарылатын жеңіл өнеркәсіп тауарларын, сондай-ақ шетелдік әлеуетті өнім берушілер тиісінше орындайтын, көрсететін жұмыстарды, қызметтерді ұлттық режимнен алып тастау белгіленді.

Аталған шаралар отандық өндірісті ынталандыруға, қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және өнеркәсіптің өндірістік әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының 2026 жылғы 16 наурыздағы №31-Н бұйрығымен Ұлттық режим қолданылатын жеңіл өнеркәсіптің тауарлары, жұмыстары мен қызметтерінің тізбесі бекітілді.

Тізбе жеңіл өнеркәсіп саласының сегменттерін ескере отырып қалыптастырылған және отандық кәсіпорындар өндіретін, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобалар шеңберінде шығаруға жоспарланатын өнімдерді қамтиды.

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/985285?lang=kk