Өндіріс және технологиялық операциялар шарттары жаңартылды

Өндіріс және технологиялық операциялар шарттары жаңартылды

«Өндіріс, өндірістік және технологиялық операциялар шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 392 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрықта құрылыс, жиһаз, ағаш өңдеу, қағаз, жеңіл және мұнай-газ өңдеу өнеркәсібіндегі, сондай-ақ құрылыс, жиһаз, ағаш өңдеу, жеңіл және мұнай-газ өңдеу өнеркәсібіндегі, мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс, өндірістік және технологиялық операциялар шарттарын қайта бекіту көзделеді.  

Бұдан басқа, құжатта ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру бойынша өндіріс жағдайларын, өндірістік және технологиялық операцияларды толықтыру көзделеді.

Сондай-ақ өнімнің қосымша түрлерін қосу есебінен тиісті салалар бойынша тауар позицияларының тізбесін кеңейту көзделеді.

Бұйрық «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-7-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/982624?lang=kk