Жылу энергиясын тұтыну нормалары бекітілді

2026 жылы 17 ақпанда «Жылу энергиясын тұтыну нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
№ 59 бұйрығы қабылданды.
Бұйрық климаттық аймақ пен ғимараттың қабатына байланысты тұрғын үй-жайлар үшін жылу энергиясын тұтыну нормаларын белгілейді. Аталған бұйрық «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген.
Тұрғын үйлерде энергия тиімділігін арттыру және жылу энергиясын тұтынуды азайту, шығындарды бақылауға және оңтайландыруға мүмкіндік беретін жылу тұтынудың нақты нормативтерін белгілеу күтілуде.
Нақтылау және шатасуды болдырмау мақсатында облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың бекітілген климаттық аудандарға тиесілігін айқындау бойынша өзгерістер көрсетілді. Сондай-ақ тұтыну нормаларына қолданылатын есептік кезең туралы нақтылау енгізілді.
Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/977948?lang=kk