Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторлар белгіленді

2026 жылы 17 ақпанда «Жылына елу мың және одан да көп тонна шартты отынға барабар көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеу туралы»
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің
№ 60 бұйрық қабылданды.
Бұйрық жылына 50 000 және одан да көп тонна шартты отынды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін энергия тиімділігі бойынша нысаналы индикаторларды белгілеуді көздейді.
Аталған бұйрық «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-17) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергия тиімділігі көрсеткіштерінің жүйелі мониторингін қамтамасыз ету арқылы меншікті энергия тұтынуды азайту және энергетикалық ресурстарды пайдаланудың энергия тиімділігін арттыру күтілуде.
Бұйрықтың толық мәтінімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/documents/details/977901?lang=kk