Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ашық НҚА» порталында реттеушілік ықпал ету талдауының нәтижесі орналастырылатынын хабарлайды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ашық НҚА» порталында реттеушілік ықпал ету талдауының нәтижесі орналастырылатынын хабарлайды

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес, 2026 жылғы «13» - «18» ақпан аралығында «Ашық НҚА» порталында заңды тұлғалар (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында  энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы уәкілетті органды хабардар еткен) Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдар тізбесіне сәйкес сенім білдірілген ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарға меншік құқығы негізде иелік етуге тиіс туралы реттеушілік ықпал ету талдауының нәтижесі орналастырылатынын хабарлайды.      

Аталған норманы енгізу энергия аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді, алынған өлшемдердің дәлдігі мен дұрыстығын, тексеру әдістемелерінің тұрақтылығын, нәтижелердің қайталануын және қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл үшінші тұлғаларға тәуелділік тәуекелдерін азайтады, энергия аудиторлық жұмыстарды жүргізудегі іркілістерді жояды және энергия тиімділігі бағдарламаларын әзірлеу және инвестициялар тарту үшін сенімді аналитикалық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, реттеуші құрал энергия ресурстарын тиімсіз тұтынуды азайтуға, энергия жүйесіне жүктемені және қоршаған ортаға зиянды заттар шығарындыларын азайтуға ықпал етеді, осылайша экономиканың тұрақтылығын нығайтады, елдің энергетикалық тепе-теңдігін сақтайды және экологияны қорғауды қамтамасыз етеді.