Орталық Азиядағы машина жасау және металл өңдеу саласындағы ауқымды көрме


2020 жылдың 16-18 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қ. ЭКСПО Халықаралық көрме орталығында машина жасау және металл өңдеу бойынша бірінші халықаралық мамандандырылған «Kazakhstan Machinery Fair 2020» көрмесі өтеді.
Іс-шараны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан машина жасаушылар Одағы мен «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы ұйымдастырады.
«Kazakhstan Machinery Fair 2020» - өндірілетін өнімді жылжыту, бизнес мәселелерін шешу, сондай-ақ әлеуетті серіктестермен және тұтынушылармен жеке байланыс орнату үшін мүмкіндік береді.
Көрмеге 150-ден астам қатысушы компания, 4 500 кәсіби келушілер, жетекші қазақстандық және шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор, даму институттары, бизнес қауымдастықтар және машина жасау өнімдерінің ірі тұтынушылары қатысады деп күтілуде.
Көрме бөлімдері:
- Машина жасау кәсіпорындарының өнімі;
- Дәнекерлеу жабдықтары мен материалдары;
- Робототехника және өндірісті автоматтандыру;
- Бақылау-өлшеу жабдығы, аспаптар мен құралдар;
- Кәсіптік оқыту және біліктілікті арттыру;
- Металл өңдеуге арналған станоктар мен жабдықтар;
- Аддитивті технологиялар. Өнеркәсіптік 3D басып шығару;
- Майлау және майлау-салқындату сұйықтықтары;
- Еңбекті қорғау, арнайы киім және жеке қорғану құралдары.
Қосымша ақпарат + 7 (7172) 79-27-95 және info@smkz.kz эл. мекен-жайы бойынша алу мүмкін.
Көрмеге қатысу мәселелері бойынша +7(7172) 64 23 23 ( ішкі. 205) Калиева Розамен хабарласуға болады, эл. мекен-жайы: roza@astana-expo.com
21 ақпан 2020