Машина жасау саласы еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының басымдық берілген бағыттарының бірі. Соңғы жылдары сала жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектер өндірісінен өнімнің толық түрлерін, яғни: тепловоздар, электровоздар, жолаушылар және жүк вагондары, жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар, астық жинайтын комбайндар, сорғы жабдықтары, лифтілер және басқа да жоғары технологиялық өнім өндірісне көшті.
Өнімнің жаңа түрлері пайда болды: локомотивтер, трансформаторлар, коммуникациялық жабдықтар, оптикалық аспаптар, электрондық бөлшектер өндірісі, электр жарықтандыру жабдықтары өндірісі және т. б.
Машина жасау отын-энергетика, көлік, құрылыс, химия және мұнай-химия, сондай-ақ басқа да салалардың дамуына елеулі үлес қосатын бағыт. Елдің жалпы ішкі өнімінің маңызды үлестік көрсеткіштері және шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігі машина жасаудың даму деңгейіне тікелей байланысты.