Өнеркәсіп салаларында кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - Комитет), Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 4 маусымдағы «Кәсіптік біліктілік туралы» 2023 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабына сәйкес «Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестердің» (бұдан әрі - Салалық кеңес) құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмысты түсті металлургия және сирек металдар, көмір, қара металлургия, химия, электротехника және ауыр машина жасау, автокөлік, жеңіл, құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында бастады.
Салалық кеңес шеңберінде мүдделі тараптардан өнеркәсіп саласындағы салалық біліктілік шеңберлеріне және кәсіптік стандарттарға ұсыныстарды талқылау, пысықтау жоспарлануда.
Бұдан басқа, салалық кеңестің салалық біліктілік шеңберін бекіту, кәсіптік стандарттар мен кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды келісу, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстарды және басқа да функцияларды келісу үшін консультативтік-кеңесші органның өкілеттігі болады.
Салалық кеңеске кіру үшін мүдделі тұлғалар мыналарды қамтамасыз етуі керек:
1) жазбаша өтініш (1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
2) тиісті саладағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес).
Салалық кеңестердің құрамына екі өкілден артық емес іріктелетін болады:
- Мемлекеттік орган;
- Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы;
- кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган;
- жұмыс берушілер;
- кәсіптік одақтар;
- жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері;
- білім беру ұйымдары.
Осыған байланысты, Комитет ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде салалық кеңестің құрамына енгізу үшін нысанға сәйкес кандидатура ұсынуды сұрайды.
Қосымша: өтініш формасы.
орынд.: А. Сандыбаева
Тел.: 648-538
e-mail: an.sandybaeva@miid.gov.kz