Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жоба

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

 

1-бап.Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. 2015 жылдың 29 қазандағыҚазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар):

1) 98-баптың 1-тармағының 22) тармақшасы алып тасталсын;

2) 244-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

«7-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру іс-шараларын жүзеге асыруда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне көмек көрсету;»;

3) 246-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобаларды іске асыруға энергия сервистік компаниялардың шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша қызметтер көрсетеді;

2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға жеке кәсіпкерлік субъектілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобаларды іске асыруға сыйақының бір бөлігін субсидиялау және (немесе) қарыз қаражатына ішінара кепілдік беру бойынша қызметтер көрсетеді;»;

4) 261-бапта:

тақырыбында және 1, 2 және 3-тармақтарда «Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» деген сөздерден кейін «ішінара кепілдік»деген сөздермен толықтырылсын.

5) 283-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

         «1. Инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына және инвестициялық жобаны іске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы үшін энергосервистік шарты және қаржы лизингі негізінде технологиялық жабдықты инвестициялық жобаны іске асыру шеңберінде импорттайтын лизингілік және энергосервистік компанияларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлетiн атаулы сипаттағы артықшылықтар инвестициялық преференциялар болып табылады.».

  1. Қазақстан Республикасының 17 шілде 2001 жылғы «Автомобиль жолдары туралы» (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 246-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 15, 125-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 14, 49-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):

         1) 1-бапта 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «3) автомобиль жолы - автомобильдердің қозғалысына арналған, автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының белгіленген жылдамдықтармен, жүктемелермен, көлемдермен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін инженерлік құрылыстар кешені, сондай-ақ жол қызметі объектілерін қоса алғанда, осы кешенді (көлік жерлері) орналастыру үшін берілген жер учаскелері және белгіленген көлем шегінде олардың үстіндегі әуе кеңістігі»;

         13-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «13-3) жол активтері сапасының ұлттық орталығы – автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауындағы заңды тұлға, оған жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, жол активтерін басқару, халықаралық және Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру, сондай-ақ автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу, жаңа технологияларды енгізу және тәжірибе учаскелерін алып жүру жөніндегі функциялар жүктелген.»;

         мынадай мазмұндағы 13-4) тармақшамен толықтырылсын:

         «жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау – автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезінде техникалық тексеру бойынша сараптама жұмыстарының түрі»;

         15-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «жол инфрақұрылымы қауіпсіздігінің мониторингі-Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарының қауіпсіз жұмыс істеуін, қолданыстағы жол инфрақұрылымын қолдау мен жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені»;    

         2) 5-бапта 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «4. Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық оператормен немесе автомобиль жолдарын өзге де басқарушылармен автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушының шарты негізінде жүзеге асырылады. Шарт жасасу сәті ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) кіру сәті болып табылады. Ұлттық оператор немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен автомобиль жолдарын өзге де басқарушылар мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт жария болып табылады.»;

         3) 5-2-бапта:

         5-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «1) автокөлік құралдары:

         жедел медициналық көмек көрсету ұйымдарының; 

         авариялық-құтқару қызметтерінің;

         құқық қорғау органдарының;

         арнаулы мемлекеттік органдардың;

         Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери бөлімдер;

         ақылы автомобиль жолдарын кешенді ұстауды жүзеге асыратын ұйымдар;»;

         мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:»

         «3) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың жеңіл автомобильдері.»;

         4) 12-бапта:

         36-1) және 36-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

         «36-1 )автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту»;

         «36-2) автомобиль жолдарының жол инфрақұрылымы қауіпсіздігі мониторингінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;

         38-1) және 38-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

         «38-1) жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту»;

         «38-2) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарындағы жол бойындағы сервис қағидаларын әзірлеу және бекіту»;

         5) 14-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

         «4.Жаңа автомобиль жолдарын салу немесе қолданыстағыларын реконструкциялау және күрделі жөндеу үшін әзірленген техникалық-экономикалық негіздемелер және жобалау-сметалық құжаттама құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс. Автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама бойынша автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен ведомстволық сараптама жүргізіледі.»;

         6) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

         «2. Автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жобалау құжаттамасын әзірлеушінің авторлық қадағалауы, өндірістік - жұмыстарды орындаушы және автомобиль жолдарын салуға, қайта жаңартуға, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуге техникалық қадағалауды тапсырыс беруші дербес не тиісті аттестаты бар ұйымдар мен сарапшыларды тарту жолымен жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстарынан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;

         7) 20-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

         «4) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жол жүру төлемін жүргізсін»;

         8) 30-бап келесі мазмұндағы 2-2) тармақпен толықтырылсын:

         «2-2) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;»;

         9-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

         «9-3) республикалық және халықаралық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін ұйымдастыру және дамыту».

  1. 3. «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 134-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-құжат; № IV, 113-құжат):

         6-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «Инвестициялар және даму жөніндегі» деген сөздер «Индустриялық қызметсаласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;

         8-1-баптың бірінші абзацындағы «Инвестициялар және даму жөніндегі» деген сөздер «Индустриялық қызметсаласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 3, 20-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 6-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 124-құжат):

1) 1-бапта:

2) тармақшасы мынадай редакциядажазылсын:

«2) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар;»;

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) нысаналы энергоаудит - энергия үнемдеу әлеуетінің мүмкіндігін бағалау  және нысаналы сипаты бар немесе көлемі бойынша да, өткізу уақыты бойынша да шектеуі бар техникалық есепті дайындау мақсаттарында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;»;

5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері;»;

мынадай мазмұндағы 5-2) және 5-3) тармақшаларымен толықтырылсын:

«5-2) сәйкестік сертификаты – энергия аудиторының немесе энергия менеджерінің немесе сарапшының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды орындау құзыреттілігін куәландыратын, персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі орган беретін құжат;

5-3) тапсырыс берушілер – мыналарды:

 ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды;

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруында болатын заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды;

мүліктік кешендер ретіндегі мемлекеттік кәсіпорындарды, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес, кейіннен сатып алу құқығымен жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) жедел-энергоаудит - энергия үнемдеу әлеуетінің мүмкіндігін бағалау және жедел-энергоаудит қорытындысын дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;»;

12) тармақшасы мынадай редакциядажазылсын:

«12) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан алынған әсердің осындай әсер алу үшін мақсатында өндірілген олардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттама;»;

12-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12-2) энергия аудиторы – «Энергия аудиті» бағыты бойынша сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 12-4) тармақшамен толықтырылсын:

«12-4) энергоменеджер – «Энергоменеджмент» бағыты бойынша сәйкестік сертификаты бар жеке тұлға;»;

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

«14-1) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлға;»;

2) 5-бапта:

12-1), 13-1), 13-3) және 13-6) тармақшалары алып тасталсын;

6-8) тармақшасында «технологиялық процесстердің» сөздері алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 6-15) тармақшасымен толықтырылсын:

«6-15) энергия тұтыну нормативтерін есептеу жөніндегі әдістемені бекітеді;»;

9) тармағындағы «су» деген сөзі алып тасталсын;

13-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«13-2) энергия аудиторларының, энергия менеджерлерінің, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы сарапшылардың тізілімін жүргізеді;»;

мынадай мазмұндағы 16-1),16-2), 16-3), 16-4), 16-5) және 16-6) тармақшаларымен толықтырылсын:

«16-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бағалау жүргізеді;

16-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингінің қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

16-3) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және  бекітеді;

         16-4) нәтижелері энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалану болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

         16-5) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды  әзірлейді және бекітеді;

16-6) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың мониторингін жүргізеді;»;

мынадай мазмұндағы 17-4) және 17-5) тармақшаларымен толықтырылсын:

«17-4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобаларды іске асыруға энергия сервистік компаниялардың шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

17-5) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобаларды іске асыруға жеке кәсіпкерлік субъектілеріне сыйақы бөлігін субсидиялау және (немесе) қарыз қаражатына ішінара кепілдік беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

3) 6-бапта:

4 тармақта мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) уәкілетті органмен келісім бойынша үш жылға энергия үнемдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды іске асыруды жүзеге асырады;»;

5 тармақта мынадай мазмұндағы1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) уәкілетті органмен келісім бойынша үш жылға энергия үнемдеу жөніндегі жол карталарын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды іске асыруды жүзеге асырады;»;

4) 7-бапта2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру және алдын-алуды бақылау түрінде жүзеге асырылады.

Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау осы Заңға және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

5) мынадай мазмұндағы 7-1 бабымен толықтырылсын:

«7-1 бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында субъектіге (объектіге) келмей-ақ бақылау

  1. Осы Заңның 6 бабында көрсетілген ведомства және оның аумақтық бөлімшелері сонымен қатар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында субъектіге (объектіге) келмей-ақ бақылау жүргізіледі.
  2. Бақылау субъектісіне (объектісі) келмей-ақ алдын алуды бақылаудың мақсаты өз уақытында бұзушылықтардың алдын-алу және бұзушылықтарға жол бермеу, бақылау субъектілерін бұзушылықтарды жоюға және әкімшілік ауыртпалықты азайтуға мүмкіндік береді.
  3. Қадағалау субъектісіне (объектісі) келмей-ақ, алдын-ала талдау және деректер мен ақпаратты салыстыру арқылы жүргізіледі:

1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім;

2) энергияаудит қорытындыларынан;

3) Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру ұлттық институтынан энергияны үнемдеу, энергияны беру және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардан;

4) сұраныс жолдау арқылы мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардан;

5) Қазақстан Республикасының энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар сұраныс арқылы;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының ашық көздерінен.

  1. Энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы ведомства және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғалары бақылау субъектісінің іс-әрекеттеріне немесе әрекеттеріне келмей-ақ алдын-ала бақылау нәтижелерінің бұзылуы анықталған жағдайда ұсыныс жасалады және мониторинг органына күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жіберіледі бұзушылықтарды анықтау. Ұсыныс оның орындалу мерзімін анықтайды, ол үш жұмыс күнінен кем болмауы керек.

Сонымен қатар, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерінде белгіленген өрескел бұзушылық анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүргізіледі.

  1. Ұсыныс түріндегі хабарлама бақылау субъектісіне қолы қойылған немесе оны жіберу және алу фактілерін растайтын кез-келген жолмен берілуі тиіс.

Келесі жолдардың бірінде жіберілген ұсыныс келесі жағдайларда тапсырылады деп есептеледі:

1) қолма-қол – ұсынысты алған туралы күні қойылған белгі;

2) пошта арқылы – тапсырыспен жіберілген жөнелтімі тіркелген бойынша хабарлама алған күннен бастап;

3) электронды жолмен - өтінім бойынша хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық пошта мекен-жайына жіберілген күннен бастап.

Егер бақылау субъектісі ұсынысты қабылдаудан бас тартса, оны жеткізуші немесе жеткізуші адамға (лауазымды адамға) қайтарылатын ұсыныс бойынша тиісті ескерту жасайды.

Ұсынысты қабылдаудан бас тарту бақылауды одан әрі іс жүргізу әрекеттеріне кедергі болмайды.

  1. Ұсыныста көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда бақылау субъектісі ұсыныс жіберілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынысты жіберген органға (лауазымды адамға) қарсылық жіберуге құқылы.
  2. Бақылау объектiсiне (бақылауына) келмей-ақ алдын алуды бақылау нәтижелерiмен анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарландыру оны беру (түсетiн) күннен кейiнгi күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi, хабарлама.
  3. Белгіленген уақыт кезеңінде анықталған бұзушылықтарды алдын-алу мақсатында бақылау объектісінің (объектінің) бармай-ақ алдын-ала тексеру нәтижелері бойынша алдын-ала бақылауды бақылау нысанына (объектісіне) баруды алдын-ала бақылауды тағайындауды субъектінің (объектінің) алдын-алу іс-шараларын өткізу тізіміне қосу арқылы жүзеге асырады.

Бақылау объектісіне (объектісіне) келмей-ақ, алдын-ала бақылау мен қадағалаудың көптігі мәліметтер мен ақпарат ретінде анықталады.»;

6) 9-бапта:

1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1.Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері тарапынан Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:»;

1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауын, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлерін;»;

2) тармақшасында «және суды» сөзі алып тасталсын;

3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«3) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының көшірмесі, сондай-ақ осы іс-қимыл жоспарына енгізілген толықтырулар және (немесе) өзгерістер;

4) есептік кезең үшін энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру нәтижелерін;»;

6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) энергетикалық аудиттің қорытындысын немесе экспресс-энергетикалық аудиттің көшірмесін;»;

7) тармақшасы алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 1-1 тармағы толықтырылсын:

«1-1. Мемлекеттік заңды мекемелер болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері тарапынан Мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін ақпарат:

1)      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке заңды тұлғалар үшін), мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауын, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлерін;

2)      күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды тұтыну көлемі;

3)      энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар және бар болған жағдайда энергия аудиті, экспресс-энергия аудиті қорытындысының немесе техникалық Есептің көшірмесі;

4)      есепті кезеңде үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың ауданы бірлігіне жылу беру көздері және жылытуға арналған энергетикалық ресурстардың шығысы;

5)      негізгі энергия тұтыну жабдығы.»;        

2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы баптың 1 және 1-1 тармақтарында көрсетілген ақпаратты, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде «Мемлекеттік энергетикалық тізілім» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі  арқылы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына жыл сайын 1 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.»;

7) 13-бапта:

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес нәтижелері энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалану болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруы;»;

5) тармақшада:

«2,5» саны «1,0-ден жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын»;

8) 14-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) энергия аудиторлық ұйымның басшысы үшін «энергия аудиті» бағыты бойынша сәйкестік сертификаты болуы тиіс;»;

9) мынадай мазмұндағы14-1 бабы толықтырылсын:

«14-1-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы персоналдың сәйкестігін растау

1.Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдардың қызметі осы Заңмен, «сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» және «техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен, персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органның стандарттарымен реттеледі.

  1. Энергоаудиторлардың, энергоменеджерлердің немесе сарапшылардың сәйкестігін растау сертификаттауға ұсынылған, олардың бірі энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы оқу орталығының куәлігі болып табылатын, құжаттардыңқорытындысы бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі орган комиссиясының шешімімен, тестілеу және Ккомиссиямен әңгімелесу нәтижелесінде жүзеге асырылады.

Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі Орган Комиссия қызметінің тәртібін бекітеді.

Комиссияның құрамына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және (немесе) өзге де мүдделі тараптардың өкілдері кіреді.

Энергоаудитордың, энергоменеджердің немесе сарапшының сәйкестігін растау нәтижесі сәйкестік сертификаты болып табылады.

  1. Энергетикалық аудиторлардың, энергетикалық менеджерлердің, сарапшылардың сәйкестігін растау үш жылда бір рет өткізіледі.»;

10) 16-бапта:

мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесіншіабзацтармен 1 тармақ толықтырылсын:

«Жеке кәсіпкер болып табылатын энергетикалық аудитор тек ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстардың энергия аудитін жүргізуге құқылы.

Жеке кәсіпкерлер болып табылатын энергия аудиторларына қойылатын талаптар:

1) «Энергоаудит» бағыты бойынша сәйкестік сертификатының болуы.

2) уәкілетті орган бекіткен ақпараттық-өлшеу кешендерінің және техникалық құралдардың тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде сенімді ақпараттық-өлшеу кешендерін және техникалық құралдарды иелену.

         Жеке кәсіпкер болып табылатын энергия аудиторы өз қызметін тек бір ғана энергия аудиторлық ұйымның құрамында жүзеге асыруға құқылы.

Энергетикалық аудит ерікті немесе міндетті болып табылады және келесі түрлерге бөлінеді – толық, нысаналы және жедел энергетикалық аудит.»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Энергияныүнемдеужәне энергия тиімділігітуралықорытынды энергия аудитінәтижелеріненегізделген.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі техникалық есеп нысаналы энергия аудитінің нәтижелері бойынша жасалады.

Энергоаудит қорытындысы осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Энергия аудитінің қорытындысы энергия аудитін жүзеге асырған заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде беріледі.

Жеке кәсіпкер болып табылатын энергетикалық аудитор берген техникалық есепке оның сәйкестік сертификаты берілген нөмірі мен күнімен қол қойылады.

4.Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына шартты отынның бір мың бес жүзден астам тоннаға барабар көлемінде энергетика ресурстарын тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жылда кемінде бір рет міндетті энергия аудитінен өтеді.»;

мынадай мазмұндағы 3-1-тармағымен толықтырылсын:

«3-1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергетикалық аудиттің немесе экспресс-энергетикалық аудиттің нәтижелері бойынша іс-шара жоспарларын әзірлейді және бекітеді. Іс-шара жоспары энергетикалық аудиттің қорытындысын алған күннен бастап алты ай ішінде әзірленеді.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:

«4-1. Энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне келесі шарттар негізінде экспресс-энергетикалық аудит жүргізуге рұқсат етіледі:

1) кемінде он жыл шектеулi жарғымен мiндеттi энергоаудит қорытындысының болуы;

2) Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру арқылы соңғы бес жылда кемінде он бес пайыздан кем емес көлемде энергияны үнемдеу әлеуетіне қол жеткізу немесе бес жыл ішінде он бес пайыздан кем емес көлемде шығарындылардың бірлігіне қарай олардың нақты энергия шығынын төмендету;

3) халықаралық және (немесе) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетін энергияны басқарудың ағымдағы жүйесі (сәйкестік сертификаты).»;

мынадай мазмұндағы 7-тармағымен толықтырылсын:

«7. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері міндетті энергия аудитін жүргізбейді:

1) жылына шартты отынға мың бес жүз тоннадан кем баламалы көлемде энергетикалық ресурстарды тұтыну;

2) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің балансында энергетикалық ресурстарды тұтыну объектісінің (ғимараттарының, құрылыстарының, ғимараттарының) болмауы);

3) егер мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі энергетикалық ресурстарды Көлік құралдарын пайдалану үшін ғана тұтынса;

4) егер мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі Мәдени мұра объектісі және т. б. болып табылса.»;

5-тармақ алып тасталсын;

6-тармақта:

мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес энергия аудиторлық ұйыммен (энергия аудиторымен) аффилиирленген тұлға болып табылатын ұйымдардың;»;

11) 20-бапта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:»;

6) тармақшаны мынадай редакцияда жазылсын:

«6) іс-шаралар жоспарларының тиімділігін бағалауды және талдауды, мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері жүзеге асыратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалауды және талдауды жүргізеді;»;

8) тармақшаны мынадай редакцияда жазылсын:

«8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық, талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;»;

мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6), 6-7) және 6-8) тармақшалармен толықтырылсын:

«6-1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергетикалық ресурстарын тұтынуына талдау, өткен жылмен салыстырмалы талдау жүргізеді;

6-2) ішкі жалпы өнімнің энергия сыйымдылығын және Қазақстан Республикасында энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін талдауды және болжауды жүргізеді;

6-3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия тұтынудың үлестік шығыстары мен нормативтері бойынша талдау жүргізеді;

6-4) Мемлекеттік мекемелердің энергия тұтынуына мониторинг жүргізеді;

6-5)    энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізу кезінде және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде энергия тиімділігі бойынша талаптар қолданылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін және нәтижелері энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалану болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін өзекті ету бойынша ұсынымдарды дайындауға уәкілетті органға жәрдемдеседі;

6-6) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды әзірлеуге байланысты жұмыстарды орындайды;

6-7) осы Заңның практикалық іске асырылуына талдау жүргізеді;

6-8) уәкілетті органға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсынымдар береді және жиынтық ақпарат береді;»;

мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшаларымен толықтырылсын:

«8-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігіне талдау жүргізеді;

8-2) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетеді;»;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) тиісті өңірдің энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы инвестициялық тартымдылықты жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;»;

мынадай мазмұндағы 11), 13),13-1), және 14) тармақшаларымен толықтырылсын:

«11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ұлттық ақпараттық науқанды қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз етеді;

13) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірушілердің және(немесе) жеткізушілердің ішкі және сыртқы нарықтарына талдау жүргізеді;

13-1) ішкі нарықта энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді ілгері жылжыту мәселелері бойынша отандық, шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара  әрекеттесуді жүзеге асырады;

14) есепті жылдың қорытындысы бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ұлттық баяндама әзірлейді.»;

12) 21-бапта:

2-тармақтың 3) тармақшасында:

«өндіруді және» сөздерінен кейін «(немесе)» сөзін қосу;

«, суды» алып тастау;

3-тармақта «мен судың» сөздерін алып тастау;

келесі мазмұндағы 2-1 тармақшамен толықтырылсын:

«2-1. Тапсырыс беруші болып табылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы субъектілер олардың энергия тиімділігі жөніндегі талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға міндетті.»;

келесі мазмұндағы 3-1 тармақшамен толықтырылсын:

«3-1. Энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүзден астам тоннаға барабар көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру үшін жауапты тұлғаны тағайындауға міндетті.»;

мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласында қызметкерлердің сәйкестігін растау жөніндегі органдар тоқсанның соңындағы айдың 5-ші күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға берілген куәліктер туралы ақпаратты жіберу.»;

13) Тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«7 - тарау. Қорытынды  және өтпелі ережелер»

23 бап мынадай мазмұнда толықтырылсын:  

«23-бап. Уәкілетті органның лауазымды тұлғасының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану

Жеке және (немесе) заңды тұлғалар уәкілетті органның лауазымды адамының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.»;

14) 23 баппен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

«23-1-бап. Өтпелі ережелер

  1. Осы Заңның 16-бабының 5-тармағы 2021 жылғы 26 шілдеден бастап күшін жояды.
  2. Қазақстан Республикасының 16 мамырдағы 2014 жылғы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, ст. 46-құжаттар; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144-құжат, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат, 158-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-II, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 11 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2017 жылғы 12 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 мамыр):

2-қосымшада 369-2-жолы алынып тасталсын;

49-тармағында 3-қосымшада«Энергия аудиті мен»деген сөздер «(немесе)» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап

  1. Осы заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, келесілерден басқа:

2021 жылы 1 қаңтардан іске асырылатын 1 баптың 4-тармақтың 1) тармақшаның он және он алтыншы абзацтары, 8) тармақшаның бірінші абзацы, 9) тармақшасы, 12) тармақшасының оныншы абзацы, 5-тармақтың бірінші абзацы;

2021 жылғы 15 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 10) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және он бірінші абзацтары.

2021 жылғы 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 10) тармақшасының жиырмасыншы абзацы;

2022 жылы 1 қаңтардан іске асырылатын 1 баптың 4-тармақтың 6) тармақшасының он бесінші абзацы, 10) тармақшасының оныншы және он екінші абзацтары.

 

 

Қазақстан Республикасы

Президенті                                                                                   Қ. Тоқаев

Дата публикации
30 апреля 2020