«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының басқару үшін адамдарды іріктеу жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен кандидаттардың тізімі

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды іріктеу жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен кандидаттардың тізімін жариялайды:

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқарушы
компаниясы» АҚ:

Күшеров Мақсат Кожабекұлы;

Сариев Ерболат Күлтасұлы.

Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылардың тізімі уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде кейіннен конкурстық комиссияның қарауына еркін нысанда конкурстық ұсыныстарды қамтитын конкурстық ұсыныстарды уәкілетті органға ұсынады:

1) АЭА қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;

2) АЭА даму стратегиясының пайымдауы;

3) АЭА даму тетігі және/немесе схемасы;

4) АЭА-ға инвесторларды тарту тәсілдері;

5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);

6) мемлекеттің АЭА басқарушы компанияларына құрылтайшылары мен қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу тәсілдері.

Конкурсқа қатысушылар көрсетілген конкурстық ұсыныстарды ағымдағы жылдың 28 маусымына дейін (қоса алғанда) Нұр-сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мекенжайына, сондай-ақ: n.nurakhmetov@miid.gov.kz.

Байланыстағы тұлға: Нұрсұлтан Нұрахметов, тел.: 8 (7172) 64-85-91, +77021428444.

Хабарландыру
Дата публикации
22 июня 2022