Қазақстан Республикасы Идустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті 2022 жылғы 1 шілдеде темір жол көлігі саласындағы бірқатар қызметін (1. теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру, 2. жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), 3. жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу, 4. қауіпсіздік сертификатын берумен қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін өткізу) бәсекелес ортаға беру мәселесі туралы қоғамдық талқылау өткізілетінін хабарлайды.
Осыған орай барлық мүдделі тұлғаларды аталған реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз.
Өткізу орны: «Транспорт-Тауэр» әкімшілік ғимараты, орналасқан мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай Батыр д., 32/1.
Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 8(7172) 98-35-28 телефонына жүгіну қажет.