Хабарлама

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 7-параграфына сәйкес, Сізге «Жоғары вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (бұдан әрі-техникалық регламент) жобасы шеңберінде «Жоғары вольтты жабдыққа қойылатын талаптарды белгілеу бөлігінде реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдаудың талдамалық нысаны» (бұдан әрі- РӘТ) 2021 жылғы 2 желтоқсанда Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылатын болады.

Сізден өзіңіздің сараптамалық қорытындыларыңызды РӘТ орналастырылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынуды сұраймыз.

Сонымен қатар, Министрлік «реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 748 бұйрығының 7-параграфының 26-тармағына сәйкес дөңгелек үстелдер, конференциялар, кеңестер арқылы жұртшылық өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен қоғамдық талқылаулар өткізілетінін хабарлайды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда сағат 16: 00-де Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасарының төрағалығымен ZOOM платформасы арқылы РӘТ талқылау жөнінде кеңес өткізеді (ZOOM-ға сілтеме).

Конференция идентификаторы: 872 1863 0915

Қатынау коды: 12345678

Кандидатураларды t.turemurat@miid.gov.kz электрондық мекенжайға ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында қоғамдық талқылауға қатысу үшін ұсынуды сұраймыз.

Хабарлама
Дата публикации
23 ноября 2021