ЕРЕКШЕ ТАУАРЛАРДЫ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Заңы
МАЗМҰНЫ
Осы Заң Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті органының, мемлекеттік органдарының қызметінің қағидаттары мен құқықтық негіздерін белгілейді, Қазақстан Республикасының экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыратын, эксаумақтық делдалдық қызметті және техникалық көмекті көрсететін жеке және заңды тұлғаларының, сондай-ақ эксаумақтық кері экспортты немесе транзитті жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жаппай қырып-жою қаруы - ядролық, химиялық және биологиялық қару;
2) жеткізу құралдары – бақылау тізімінде көрсетілген зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары;
3) импорт – ерекше тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
4) ерекше тауарлар – қосарлы және әскери мақсаттағы тауарлар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бақыланатын тауарлар;
5) қосарлы мақсаттағы тауарлар – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ жаппай қырып-жою қаруын, оны жеткізу құралдарын, қару-жарақты, әскери техника мен оқ-дәрілерді жасау үшін қолданылуы мүмкін бақылау тізімінде көрсетілген өнім (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологиялар);
6) әскери мақсаттағы тауарлар – бақылау тізімінде көрсетілген әскери өнім (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету және технологиялар);
7) ұлттық қауіпсіздік пайымдаулары бойынша бақыланатын тауарлар – ұлттық қауіпсіздікті, сыртқы саясатты қамтамасыз ету, терроризммен күрес, қылмысқа және қоғамдық қауіпсіздікті басқару мақсатында бақыланатын, бақылау тізімінде көрсетілген, қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларға жатпайтын өнім;
8) ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары – осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде ерекше тауарларды бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары;
9) бақылау тізімі – осы Заңға сәйкес бақылауға жататын ерекше тауарлардың тізбесі;
10) кері экспорт – Қазақстан Республикасының аумағына бұрын әкелінген, одан тысқары жерлерде өндірілген ерекше тауарларды әкету;
11) эксаумақтық кері экспорт – Қазақстан Республикасында өндірілген, қайта өңдеуге ұшырамаған ерекше тауарларды басқа мемлекеттің аумағынан үшінші елдерге әкету;
12) транзит – ерекше тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу;
13) жан-жақты бақылау - бақылау тізіміне кірмейтін тауарларды бақылау;
14) уәкілетті орган - ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
15) ерекше тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесі – ерекше тауарларды бақылау қағидаларын және Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтау мақсатында жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;
16) экспорт – ерекше тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкету, сондай-ақ бақылау тізімінде көрсетілген технологияларды Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік тұлғаларға беру;
17) сәйкестендіру – тауарлардың ерекше тауарларға тиесілігін (сәйкестігін) белгілеу;
18) техникалық көмек – Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жүзеге асыратын қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларды жөндеу, дайындау, жинау, тестілеу, жаңғырту және өзге де техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет, оның ішінде консультациялар, нұсқаулық, оқыту, жұмыс тәжірибесімен және дағдылармен алмасу;
19) эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету – бір үшінші елден басқа үшінші елге қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларды сату, сатып алу жөніндегі мәмілелерге әкеп соғатын келіссөздер немесе тікелей іс-әрекеттер, сондай-ақ делдалдың иелігіндегі немесе оның бақылауындағы қосарлы және әскери мақсаттағы тауарларды бір үшінші елден басқа үшінші елге сату, сатып алу, тасымалдау;
20) шетелдік тұлғалар – азаматтық құқық қабілеттілігі олар құрылған шет мемлекеттің құқығы бойынша айқындалатын өзге де ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалар мен ұйымдар, азаматтық құқық қабілеттілігі және азаматтық әрекет қабілеттілігі олар азаматтары болып табылатын шет мемлекеттің құқығы бойынша айқындалатын жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтық қабілеттілігі осы адамдардың тұрақты тұратын жері бар шет мемлекеттің құқығы бойынша айқындалатын азаматтығы жоқ адамдар;
21) кепілдік міндеттеме - экспорттаушы елдің құзыретті органының рұқсатынсыз импортталатын ерекше тауарларды мәлімделген (бейбіт) мақсаттарда пайдалану және үшінші елдерге эксаумақтық кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген ресми куәландыру;
22) Қазақстан Республикасының түпкі пайдаланушысының сертификаты – уәкілетті органның түпкі пайдаланушының тауарларды сертификатта көрсетілген мақсаттар үшін пайдалануға міндеттенгені және мұндай тауарлардың экспортына немесе үшінші тұлғаларға берілуіне сатушы елдің және уәкілетті органның келісімінсіз жол берілмейтіні туралы растауды қамтитын құжат;
23) Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты – уәкілетті органның импорттаушының тауарларды импорттауға міндеттенгені және уәкілетті органның рұқсатынсыз мұндай тауарлардың экспортына немесе үшінші тұлғаларға беруге жол берілмегені туралы растауды қамтитын құжат.
2-бап. Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасы
Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының ерекше тауарлар айналымын бақылау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
4-бап. Ерекше тауарларды бақылаудың негізгі мақсаттары мен қағидаттары
1) ерекше тауарларды бақылау белгілеу жолымен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайту;
3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай қырып-жою қаруы мен оны жеткізу құралдарының таралуын болдырмау болып табылады.
1) Қазақстан Республикасы қауіпсіздігі мүдделерінің басымдығы;
2) жаппай қырып-жою қаруын, жеткізу құралдарын таратпау жөніндегі, сондай-ақ ерекше тауарларды бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау;
3) ерекше тауарларды бақылауды жүзеге асырудағы саяси мүдделердің басымдығы;
4) Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасы бойынша ақпараттың қолжетімділігі;
5) терроризмді қолдауға жол бермеу;
6) ерекше тауарларды бақылау рәсімдері мен қағидаларының жалпыға танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады.
5-бап. Бақылау тізімі
6-бап. Ерекше тауарларды бақылау әдістері
Ерекше тауарларды бақылау:
1) ерекше тауарларды сәйкестендіру;
2) экспорттың, кері экспорттың, эксаумақтық кері экспорттың, импорттың, транзиттің, эксаумақтық делдалдық қызметтер және техникалық көмек көрсетудің рұқсат беру тәртібі;
3) уәкілетті органның ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылы;
4) экспортты, кері экспортты, эксаумақтық кері экспортты, импортты, транзитті, эксаумақтық делдалдық қызметті және техникалық көмек көрсетуді шектеуі;
5) жан-жақты бақылау;
6) тиісті рұқсатты алмай, импортталған ерекше тауарлардың тиісті пайдаланылуына және үшінші тұлғаларға және басқа мемлекеттерге берілмеуіне мемлекеттік бақылау жасау;
7) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес экспорт, кері экспорт, импорт және транзит кезінде ерекше тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезіндегі кедендік бақылау;
8) Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы ерекше тауарларды өткізу кезінде олардың экспортын, кері экспортын, импортын және транзитін бақылау арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу
7-бап. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру
Ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган, ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары заңнамада белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше тауарларды бақылау саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасында ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасында ерекше тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік жүйені қалыптастырады;
3) өз құзыреті шегінде ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық шарттарға қол қою, экспорттық бақылаудың халықаралық режимдеріне қосылу туралы шешімдер қабылдайды;
4) уәкілетті органның ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібін бекітеді;
5) ерекше тауарлардың Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылауды жүзеге асыру орындарының тізбесін бекітеді;
6) экспорт, эксаумақтық кері экспорт, импорт, транзит, эксаумақтық делдалдық қызметтер және техникалық көмек көрсету бойынша шектеулер енгізілетін мемлекеттердің тізбесін айқындайды.
9-бап. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган белгіленген құзыреті шегінде:
1) ерекше тауарлардың экспорты мен импортына лицензиялар;
2) ерекше тауарлардың транзитіне рұқсат;
3) ерекше тауарларды бақылау саласында эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсат;
4) ерекше тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат;
5) ерекше тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беруге рұқсат;
6) Қазақстан Республикасының түпкі пайдаланушысының сертификаттары;
7) Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаттары;
8) ерекше тауарларды сәйкестендіру туралы қорытындылар;
1) ерекше тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау қағидаларын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын;
2) кепілдік міндеттемені ресімдеу және беру қағидаларын (түпкі пайдаланушының сертификаты және халықаралық импорттық сертификат) және оларға қойылатын біліктілік талаптарын;
3) ерекше тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын;
4) ерекше тауарлардың эксаумақтық кері экспортына рұқсат беру қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын;
5) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының ерекше тауарлар жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл қағидаларын және ерекше тауарларды бақылау мақсаттары үшін тәуекелдерді бағалау өлшемдерін;
6) ерекше тауарлардың бақылау тізімін;
7) эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге және техникалық көмек көрсетуге рұқсаттар беру қағидаларын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын;
8) ерекше тауарларға бірдейлендіру жүргізу қағидаларын;
9) ерекше тауарларды бақылаудың фирмаішілік жүйесін жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітеді;
10-бап. Ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының құзыреті
3-тарау Ерекше тауарларды бақылау әдістері
11-бап. Сәйкестендіру
Экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті жүзеге асыруды, не эксаумақтық делдалдық қызметтерді, тауарларға қатысты техникалық көмекті (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету, технологиялар) көрсетуге ниеттенген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары оларды сәйкестендіруді жүргізуге міндетті.
Тауарларға қатысты транзитті (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз ету және технологиялар) жүзеге асыруға ниет білдірген шетелдік тұлғалар оларды сәйкестендіруді жүргізуге міндетті.
Бір мәнді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдік тұлғалар сәйкестендіру қорытындысын алу үшін уәкілетті органға жүгінеді.
Сәйкестендіруді уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп, бақылау тізіміне сәйкес жүргізеді.
12-бап. Экспорт
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жалпы лицензияның негізінде уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен уәкілетті органға жалпы лицензиялардың орындалуы жөніндегі құжаттарды ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган импорттаушы елдің кепілдік міндеттемелерін қамтитын, ұсынылған құжаттың түпнұсқалығын айқындауға құқылы.
Мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мақсаттағы тауарларының экспорты Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде ерекше тауарларды бақылау шараларын қолданбай жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, Қазақстан Республикасының аумағында қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, сынақтар, парадтар, демонстрациялық іс-шаралар өткізу кезінде іске қосуға қажетті шетелдік мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға тиесілі әскери мақсаттағы тауарлардың кері экспорты Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде ерекше тауарларды бақылау шараларын қолданбай жүзеге асырылады.
13-бап. Импорт
Мемлекеттің халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарларының импорты ерекше тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, Қазақстан Республикасының аумағында қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, сынақтар, парадтар, демонстрациялық іс-шаралар өткізу кезінде іске қосуға қажетті шетелдік мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға тиесілі әскери мақсаттағы тауарлар импорты Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде экспорттық бақылау шараларын қолданбай жүзеге асырылады.
Импортталатын ерекше тауарларды ерекше тауарлардың импортына арналған лицензияда және (немесе) Қазақстан Республикасының түпкі пайдаланушысының сертификатында немесе Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификатында көрсетілген орыннан өзгеше түпкілікті пайдаланылатын өзге жерге қайта жіберуге тыйым салынады.
14-бап. Транзит
15-бап. Эксаумақтық делдалдық қызметтер
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау жүйесінің өзге де мемлекеттік органы эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері 26-баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда қолданылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;
2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсету нәтижелері 26-баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда қолданылуы мүмкін деп пайымдауға негізі болатын жағдайларда жүзеге асырылады.
16-бап. Техникалық көмек
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау жүйесінің уәкілетті органы немесе өзге де мемлекеттік органы техникалық көмек көрсету нәтижелері 26-баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;
2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының техникалық көмек көрсету нәтижелері 26-баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауға негізі болған жағдайларда уәкілетті орган беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады.
17-бап. Кері экспорт және эксаумақтық кері экспорт
18-бап. Ерекше тауарлардың фирмаішілік бақылау жүйесі
19-бап. Ерекше тауарлармен жасалатын мәмілелерді есепке алу
20-бап. Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға қатысты кепілдік міндеттемелер
Экспорттаушы елдің құзыретті органының талабы бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының түпкі пайдаланушысының сертификаты немесе Қазақстан Республикасының халықаралық импорттық сертификаты түрінде кепілдік міндеттеме береді.
21-бап. Экспортты, эксаумақтық кері экспортты, эксаумақтық делдалдық қызметтерді жүзеге асырудың және техникалық көмек көрсетудің рұқсат беру тәртібі
Экспортты, эксаумақтық кері экспортты жүзеге асыруға, эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге немесе техникалық көмек көрсетуге рұқсатты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде жүргізілетін тәуекелдерді бағалау нәтижелерінің негізінде береді.
Уәкілетті органның Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
22-бап. Экспортты, эксаумақтық кері экспортты, импортты, транзитті, эксаумақтық делдалдық қызметтер және техникалық көмек көрсетуді шектеу
23-бап. Ерекше тауарларды бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын беруден бас тарту
1) мемлекет мүдделеріне залал келтірген немесе залал келтіру қатері туындаған;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін бұзған;
3) тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыру кезіндегі теріс шешім;
4) өтініш беруші бір жыл ішінде осы Заңның нормаларын бұзғаны үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
5) өтініш беруші соңғы бес жыл ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған жағдайларда жүзеге асырылады.
24-бап. Экспортқа, импортқа, транзитке, эксаумақтық кері экспортқа, эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетуге және техникалық көмек көрсетуге рұқсат беру құжаттарының қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) тоқтату
1) егер олар өтініш берген сәтте белгілі болған немесе болған болса, бас тартуға әкеп соғатын жаңа фактілер пайда болған;
2) рұқсат беру құжаттарындағы шарттарды өзгерту қажеттілігі;
3) рұқсат беру құжатының иесі рұқсат беру құжаты бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайларда тоқтата тұруы және (немесе) тоқтатуы мүмкін.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, жеке немесе заңды тұлғаларының уәкілетті органға жазбаша өтініші;
- уәкілетті орган шетелдік мемлекеттік органдар мен ұйымдардан алған ақпарат;
- бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған хабарламалар.
1) иесі рұқсат беру құжатында көрсетілген шарттарды бұзған;
2) рұқсат беру құжаттарын алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттарда дұрыс емес мәліметтер анықталған;
3) рұқсат беру құжаты беруге негіз болған бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуы тоқтаған немесе тоқтатыла тұрған;
4) егер қызметтің мұндай түрі экспортпен, эксаумақтық кері экспортпен, импортпен, транзитпен, эксаумақтық делдалдық қызметтер көрсетумен және техникалық көмек көрсетумен байланысты болса, лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтатқан жағдайларда өзінің қолданысын тоқтатады.
25-бап. Тұтастай қамтитын бақылау
1) Қазақстан Республикасының уәкілетті органы немесе ерекше тауарларды бақылау жүйесінің өзге де мемлекеттік органы олардың іс- қимылдарының нәтижелері мен тауарлары осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;
2) олардың іс-қимылдарының нәтижелері мен тауарлары осы баптың 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда қолданылуы мүмкін деп пайымдауға негіз болған жағдайларда рұқсат беру құжатын алуға міндетті.
26-бап. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай-ақ импортталған ерекше тауарларды мәлімделген мақсаттарда пайдалануға профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
1) Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын өз құзыреті шегінде сақтау мәселелері бойынша уәкілетті органның сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты;
2) Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын сақтау мәселелеріне қатысты үшінші тұлғалардан келіп түсетін ақпаратты;
3) жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы әр түрлі көздерден алынған мәліметтерді салыстыру нәтижесінде алынған ақпаратты талдау жолымен жүргізіледі.
1) қолма-қол - алғаны туралы белгісі бар;
2) пошта арқылы – хабарламасы бар тапсырыс хат жіберу арқылы;
3) электрондық тәсілмен – уәкілетті органның қадағалау субъектісі уәкілетті органға бұрын табыс еткен құжаттарда көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберуі арқылы.
4-тарау Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы ерекше тауарлардың өткізілуін бақылау
27-бап. Мемлекеттік кірістер органдарының функциялары
Мемлекеттік кірістер органдары мынадай функцияларды:
1) Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін ерекше тауарларды бақылау, оның ішінде тізбесі мен қолданылу тәртібін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін техникалық бақылау құралдарын қолдана отырып бақылау;
2) Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы ерекше тауарларды заңсыз өткізудің алдын алу және жолын кесуді жүзеге асырады.
28-бап. Мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары
Мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары:
1) ерекше тауарларды бақылау саласында бақылау жүргізу кезінде әртүрлі сала мамандарын тарту;
2) Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарын тоқтату;
3) Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарына тексеру жүргізу;
4) ақпараттық жүйелерді, байланыс жүйелерін және деректерді беру жүйелерін әзірлеу, құру, сатып алу және пайдалану;
5) техникалық бақылау құралдарын қоса алғанда, тауарларды сатып алу;
6) ерекше тауарлардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыру кезінде фактілер мен оқиғаларды құжаттау, бейне және аудиожазба, кино және фотоға түсіруді жүргізу;
7) Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасының ерекше тауарлар айналымын бақылау саласындағы заңнамасына құқық бұзушылық жасағаны туралы ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыру;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
29-бап. Мемлекеттік кірістер органдарының міндеттері
Мемлекеттік кірістер органдарының міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде мемлекет мүдделерін қорғау;
2) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
3) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау болып табылады.
30-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының құзыреті
31-бап. Мемлекеттік кірістер органдарының ерекше тауарларды бақылауды жүзеге асыру түрлері
Ерекше тауарлардың өткізілуін бақылауды мемлекеттік кіріс органдары мынадай түрлер арқылы жүзеге асырады:
1) оларға қатысты рұқсат беру құжаттары (лицензиялар/рұқсаттар) бар ерекше тауарлардың іс жүзінде өткізілуін бақылауды және есепке алуды жүзеге асыруды көздейтін рұқсат беру;
2) ерекше тауарлар көзбен шолып табылған не мемлекеттік органдардан дайындалатын, жасалатын немесе жасалған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы не ерекше тауарларды лицензиясыз/рұқсатсыз өткізу туралы ақпарат алған жағдайларда тексеру (қарау) бақылау нысанын қолдана отырып бақылау;
3) тұлғалардың ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнаманы сақтауын тексеру мақсатында ерекше тауарларды Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізгеннен кейін бақылау.
32-бап. Мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын бақылау нысандары
1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
2) қарау;
3) тексеру;
4) өнімді есепке алу;
5) ерекше тауарларды іс жүзінде өткізгеннен кейінгі мониторинг болып табылады.
Құжаттар мен мәліметтерді тексеру шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары қосымша ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға сұрау салуды жіберуге құқылы.
Тексеру мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде лицензиялар/рұқсаттар ұсынылмаған ерекше тауарларды көзбен шолып табу;
2) дайындалатын, жасалатын немесе жасалған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы не ерекше тауарларды лицензиясыз/рұқсатсыз өткізу туралы мемлекеттік органдардан ақпарат алу;
3) ұсынылған құжаттарда мәлімделген мәліметтерді өткізілетін тауармен салыстыру қажет болған жағдайларда жүргізілуі мүмкін.
Тексеру мемлекеттік органдардан және өзге де органдардан дайындалатын, жасалатын немесе жасалған қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы не ерекше тауарларды лицензиясыз/рұқсатсыз өткізу туралы ақпарат алынған жағдайда жүргізіледі.
5-тарау Ерекше тауарларды бақылау саласында ақпараттандыру
33-бап. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы ақпаратты ұсыну жөніндегі міндеттеме
Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ экспортты, кері экспортты, импортты, транзитті, эксаумақтық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан, эксаумақтық кері экспортты немесе транзитті жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардан ерекше тауарларды бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.
34-бап. Ақпаратты беру және тарату
35-бап. Берілген ақпаратты пайдалану
6-тарау Ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
36-бап. Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы
Қазақстан Республикасының бір мемлекетке немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты ерекше тауарларды бақылаумен байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің санкцияларын орындауы және осы санкцияларды күшіне енгізу Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе басқа да халықаралық ұйымдардың шешімдері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санкцияларды Қазақстан Республикасы біржақты тәртіппен қолдануы мүмкін.
37-бап. Ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың мақсаттары
Қазақстан Республикасының Ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:
1) жаппай қырып-жою қаруының, жеткізу құралдарының, сондай-ақ оларды жасау технологияларының таралуын болғызбау жөніндегі шет мемлекеттермен күш-жігерді және өзара іс-қимылды үйлестіру;
2) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының тауарлардың халықаралық алмасуына, зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне, оның ішінде зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтарға қатысуын жандандыру, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының жоғары технологиялардың әлемдік нарықтарына қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерді кеңейту;
4) ерекше тауарларды бақылаудың халықаралық және мемлекетішілік тетіктерін жетілдіру, Қазақстан Республикасының ерекше тауарлар саудасын бақылау саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін және оларды жасаған адамдарды анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
38-бап. Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нысандары
Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығы:
1) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылаудың халықаралық режимдеріне және халықаралық форумдарға қатысуы, шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен келіссөздер мен консультациялар өткізу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ көрсетілген саладағы екі жақты және көп жақты негізде бірлескен бағдарламалар мен өзге де іс-шараларды іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде халықаралық ұйымдармен, шет елдердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ шетелдік үкіметтік емес ұйымдармен ерекше тауарлар айналымын бақылау саласындағы өзара іс-қимыл жасау;
3) мақсаты экспорттық бақылаудың мемлекетішілік тетіктерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесу болып табылатын отандық ұйымдар мен шетелдік үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыстарды дамытуға және ақпарат алмасуға жәрдемдесу болып табылады.
7-тарау Ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік. Уәкілетті органның және ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
39-бап. Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ерекше тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
40-бап. Уәкілетті органның және ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
Уәкілетті органның және ерекше тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.
41-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі