ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаментінің Экологиялық реттеу бөлімінің бас маманы, тұрақты

Мемлекеттік орган

Астана қаласы бойынша экология департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Мұнай газ ісі
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды алу үшін өтінімдердің материалдарын қарау. Кешенді, объективті және сапалы экологиялық сараптаманы жүргізу, экологиялық сараптаманың қорытындыларын дайындау. Бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарау. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды беру үшін құрылатын комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру. Экологиялық бағыттағы заңдарды жеке және заңды тұлғаларға, халық арасында насихаттау. Белгіленген үлгілер бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы тапсыру. «Е – лицензиялау» мемлекеттік деректер қорында жұмыс. Құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. БЭҚАЖ «Lotus Notes» және «Е-қызмет» бағдарламасымен жұмыс.Қазақстан Республикасының заңдарына және Департамент пен бөлімнің ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді және өкілдіктерді жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.11.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2021 – 17.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы Аумақтық экология департаменттерінде

Анықтама алу үшін байланыс

+7 747 2077547