Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Әкімшілік жұмыс басқармасының бас сарапшысы,1 бірлік, тұрақты
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Статистика
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Баспасөз конференцияларын, брифингтер, сұхбаттар мен іскерлік кездесулерді ұйымдастыру; Комитеттің іс-шараларын имидждік сүйемелдеу; сұхбат жобаларын, мақалаларды, ақпараттық материалдарды, сөз сөйлеу мәтіндерін дайындауды жүзеге асыру;БАҚ-та сұхбаттар, мақалалар, ақпараттық материалдар, баспасөз хабарламаларын дайындау және жариялауды, ақпараттық саясатты коммуникативтік сүйемелдеуді жүзеге асыру; Комитеттің жұмысын интернетте жылжыту бойынша ұсыныстар әзірлеу; Мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдармен ресми хат алмасуды жүзеге асыру; баспасөз қызметтерімен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру; БАҚ сұрауларына жауаптар дайындау. Медиа-жоспардың орындалуын құрастыру және бақылау; Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, Үкіметінің, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер-Министрі Кеңсесінің бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі есептерді дайындауды жүзеге асыру; Комитеттің отырыстарын, жұмыс сапарларын, ресми кездесулерін және басқа да іс-шараларын дайындауға және өткізуге қатысу;Комитеттің іс-шараларында аккредиттелген журналистердің жұмысын ұйымдастыру, журналистерді Комитет қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, БАҚ-қа ақпараттық-анықтамалық материалдардың, баспасөз релиздерінің электрондық нұсқаларын жедел жіберу; бұқаралық ақпарат құралдарында Комитет қызметін ақпараттық сүйемелдеуді, Комитеттің ресми интернет-ресурсының және Комитет блогының жұмыс істеуі бойынша жұмысты қамтамасыз ету;сұхбаттар, брифингтер, баспасөз конференциялары үшін имидждік алаң-баннерлер, тумбалар, жалаулар ұйымдастыруды жүзеге асыру; Техникалық мәселелерді шешу-жарықтандыру, микрофондар, құлаққаптар және т. б.; Комитеттің веб-сайтының жұмысын техникалық қамтамасыз ету, дизайнын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру; Facebook, Instagram, Twitter әлеуметтік желілеріндегі Комитет парақшаларын құру, жедел толтыру, мониторинг жүргізу, Vk.com, Youtube және т. б.; кіріс және шығыс құжаттамалары бойынша материалдар мен қорытындыларды дайындауды жүзеге асыру; басқарманың құзыретіне сәйкес Комитеттің нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарының жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады; Комитеттің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу; басшылықтың тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау, сондай-ақ Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға қатысуын қамтамасыз ету; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы және жаңадан қабылданған нормаларын зерделеуді (мониторингілеуді) жүзеге асыру; басқарма қызметі туралы есептерді (ұсыныстарды, жоспарларды) Комитет басшылығына сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; Комитеттің жұмыс жоспарларын әзірлеуді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; алқаларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге ақпарат дайындауды жүзеге асыру; Комитеттің хаттамалық тапсырмаларын ресімдеуді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; Мемлекеттік және ұлттық мерекеге арналған іс-шараларды ұйымдастыру; өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, есептің уақытылы жасалуын бақылау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша талдау жүргізу; Комитет және экология департаменттері қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құжат айналымын уақтылы, үздіксіз, сапалы жүргізуді қамтамасыз ету; Жоғары тұрған басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау. Комитет басқармалары қызметкерлерінің еңбек тәртібін сақтауын бақылау; ақпараттық қауіпсіздікті сақтау; ОДО, БЭҚАЖ «Lotus Notes» және «Е-қызмет» бағдарламасымен жұмыс; құзыреті шегінде өзге де жұмыстарды орындау
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 19.05.2021
- Онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы
-
+7 747 207 75 47