Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Манғыстау облысы бойынша экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің бас маманы - Манғыстау облысы бойынша мемлекеттік экологиялық инспекторы, 1 бірлік, ұақытша (негізгі қызметкердің 2021 жылғы 06 желтоқсанына дейін бала күтіміне байланысты еңбек демалысында болу кезеңіне).

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Аймақ

Маңғыстау облысы

Санат

C-O-5 (Бас маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

108306 - 146177

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • Топырақтану және агрохимия
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Білім (химия)
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Білім: биология

Функционалды міндеттер

Құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте бекітілген жоспарлар, кестелер, ұсыныстар және басқа құжаттар негізінде табиғат пайдаланушылармен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалардың сақталуына тексерістерді жүзеге асыру. Құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобасын әзірлеуге қатысу. Перспективалы және ағымдық жұмыс жоспарын әзірлеу. Тексерістердің нәтижелері бойынша актілерді жасау, құзыреті шегінде бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды шығару. Құзыреті шегінде әкімшілік істерді қозғау және қарау. Шығындарды есептеу және экономикалық бағасын ұсыну. Кінәлі тұлғаларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жолдау. Қоршаған ортаның жағдайына әсер тигізетін табиғатты қорғау және өзге объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысу. Комитет басшылығының тапсырмалары мен бақылаудағы тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындау. Комитеттің жұмыс жоспарларын жасауға қатысу, орындалуын бақылау. Ақпараттандыру және рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамаларға сәйкес лицензиялау және құзыреті шегінде басқа да мәселелер жөнінде интернет-ресурста қажетті ақпаратты орналастыру және жаңарту. Алқаларды, кеңестерді, семинарларды өткізуге ақпараттарды дайындау. Құзыреті шегінде есептер мен ақпараттарды тиісті органдарға уақтылы дайындау және ұсыну. Белгіленген тәртіпте Департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда ұсыну, соның ішінде қажетті құжаттардың дайындалуын қамтамасыз ету. Департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамаға сәйкес жергілікті жерлерде субъектілердің қызметін тексеруді ұйымдастыру және қатысу. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамаға сәйкес жергілікті жерлерде субъектілердің қызметіне жүргізілген тексерістер туралы есептер дайындау, статистикалық есептерді жүргізу. Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы бұзуды жою жөнінде шаралар қолдану. Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарының бұзылуы туралы уәкілетті және құқық қорғау органдарына материалдар әзірлеу. Лицензиялау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы туралы істер бойынша талап арыз дайындау және сотпен іс қарауға қатысу. Өз құзыреті шегінде лицензиялау және аккредиттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, шаруашылық субъектілерімен хат алмасуды жүзеге асыру. Лицензиялау қызметі жөніндегі есептілік үшін ақпарат әзірлеу. Жыл сайынғы есепті, берілген және қайта рәсімделген лицензиялар, аккредиттеу куәліктерінің тізілімін жүргізу үшін ақпарат әзірлеу. «Е – лицензиялау» мемлекеттік деректер қорында жұмыс. Стратегиялық, операциялық жоспар бойынша есептілікті жүргізу. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес хабарламалар жөнінде қажетті ақпаратты интернет-ресурстарда орналастыру және мониторинг жүргізу. Хабарламалар жөнінде есептілікті дайындау. Экологиялық бағыттағы заңдарды жеке және заңды тұлғаларға, халық арасында насихаттау. Өз құзыреті шегінде хабарлама тәртібі бойынша мемлекеттік органдармен, шаруашылық субъектілерімен хат алмасуды жүзеге асыру. БЭҚАЖ «Lotus Notes» және «Е-қызмет» бағдарламасымен жұмыс. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. Қазақстан Республикасының заңдарына және Департамент пен бөлімнің ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді және өкілдіктерді жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 17.03.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.03.2021 – 31.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

07.04.2021

Сұхбаттасу орны

Онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы аумақтық экология департаменттерінде

Анықтама алу үшін байланыс

+77472077547