Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша экология департаментінің Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы, 1 бірлік, тұрақты
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті
Атырау облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Биотехнология
- Автоматтандыру және басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Мұнай газ ісі
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Топырақтану және агрохимия
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және басшылық ету. Кешенді, объективті және сапалы экологиялық сараптаманы жүргізуді қамтамасыз ету. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды беруді, есепке алуды, күшін жоюды және қайта ресімдеуді қамтамасыз ету. Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттарды беру үшін құрылатын комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру. Бөлімнің құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен арыздарын қарауын бақылау. Белгіленген үлгілер бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру. «Е – лицензиялау» мемлекеттік деректер қорымен жұмыс. Қоршаған ортаны ластаудың көздеріне талдама жасау арқылы алынған ақпараттардың нақтылығын анықтау. Жергілікті және орталық атқарушы органдарымен, табиғат қорғау мекемелерімен үздіксіз жұмыс қатынасында болу. Экологиялық бағыттағы заңдарды жеке және заңды тұлғаларға, халық арасында насихаттау. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен және Департамент бөлімдері арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. БЭҚАЖ «Lotus Notes» және «Е-қызмет» бағдарламасымен жұмыс. Қазақстан Республикасының заңдарына және Департамент пен бөлімнің ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді және өкілдіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 17.11.2020
- Онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы аумақтық экология департаменттерінде
-
87472077547