Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің Мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы- Семей қаласы бойынша Аға мемлекеттік экологиялық инспекторы, 1 бірлік, тұрақты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Агрономия
  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Биотехнология
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
  • Тау-кен ісі
  • Мұнай газ ісі
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, үйлестіру және басшылық ету. Құзыреті шегінде белгіленген тәртіпте бекітілген жоспарлар, кестелер, ұсыныстар және басқа құжаттар негізінде табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны қорғау саласында тексерісті жүзеге асыру. Құзыреті шегінде тексеріс нәтижесі бойынша актілер жасау, орын алған бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама шығару. Белгіленген үлгілер бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы тапсырылуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде әкімшілік істерді қозғау және қарау. Шығындарды есептеу және экономикалық бағасын ұсыну. Кінәлі тұлғаларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды тиісті органдарға жолдау. Қоршаған ортаның жағдайына әсер тигізетін табиғатты қорғау және өзге объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың жұмысына қатысу. Мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы бақылау-инспекциялық мәселелері бойынша нормативтік - құқықтық, нормативтік - әдістемелік актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Белгіленген тәртіпте Департамент мүддесін сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда ұсыну, соның ішінде қажетті құжаттардың дайындалуын қамтамасыз ету. «Е – лицензиялау» мемлекеттік деректер қорында жұмыс. Комитет басшылығының тапсырмалары мен бақылаудағы тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын ұйымдастыру. Департамент құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Қоршаған ортаны ластаудың көздеріне талдама жасау арқылы алынған ақпараттардың нақтылығын анықтау. Экологиялық бағыттағы заңдарды жеке және заңды тұлғаларға, халық арасында насихаттау. Құзыреті шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен және Департамент бөлімдері арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау. БЭҚАЖ «Lotus Notes» және «Е-қызмет» бағдарламасымен жұмыс.Қазақстан Республикасының заңдарына және Департамент пен бөлімнің ережесіне сәйкес басқа да міндеттерді және өкілдіктерді жүзеге асыру

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.10.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.11.2020 – 04.11.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

10.11.2020

Сұхбаттасу орны

Онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы

Анықтама алу үшін байланыс

+7 747 207 75 47