«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты шешіміне баспасөз релизі

 «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша

шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты шешіміне баспасөз релизі

 

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының        6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181 бұйрығына сәйкес әзірленді.

Осы жобаның мақсаты туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту болып табылады.

Осы шешім жобасы қосымша қаржыландыруды көздемейді және теріс әлеуметтік – экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында                  2024 жылғы 18 қаңтардан бастап 01 ақпанға дейін көпшілік талқылауда орналасқан, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14898629.

 

 

«Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданының ауыл шаруашылық,

кәсіпкерлік, және ветеринария бөлімі»

 КММ-нің басшысы                                                  А. Шайсұлтанов