«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты шешімі жобасы бойынша пресс-релиз

0

«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты шешімі жобасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 05 қарашадағы № Д-254 қаулысымен шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидалары бойынша бекітілгендігін хабарлаймыз.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 34-VII Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзібасқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 6-бабының 2-10-тармағына республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының
2023 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін шетелдіктер үшін туристік жарна ставкаларын бекіту жөніндегі құзыретіне қатысты өзгерістер енгізілді.

Шешім жобасы 2022 жылдың 30 қарашадан 2022 жылы 14 желтоқсанға дейін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет порталында қоғамдық талқылау үшін жарияланды,https://legalacts.egov.kz/list?governmentd=2016241 Шешім жобасын әзірлеудің мақсаты туризм саласын дамыту үшін.