«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты шешіміне баспасөз релизі
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы»
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихаты
шешіміне баспасөз релизі
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының 2026 жылға арналған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2026 жылға алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға (шығыстарды есепке алмағанда) дейін төмендету.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2025 жылғы 24 қыркүйектен бастап 09 қазанға дейін көпшілік талқылауда орналасқан, сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15601937
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.
«Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданының
ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік
және ветеринария бөлімі» КММ-нің
басшысының м.а О. Аренов