16 қыркүйекте облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Серқазыұлы Сүлейменов, облыстық мәслихат депутаттары Уәлихан Төкенұлы Майжанов, Олег Олегович Давыдович, Қасқабаев Мұхтар Телеуханұлы облыстық штаб мүшелері алдағы референдум бойынша Новопокровка ауылында Юрий Геннадьевич Ковязин басшылық ететін «Лина Агро» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Сәуле Тұрсынқызы Урашева, аудандық мәслихат депутаттары, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Бақдәулетқызы Ильяшева, шаруа қожалықтарының басшылары, аудан жұртшылығының белсенді бөлігінің өкілдері, алдағы референдум бойынша аудандық штаб мүшелері қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға алдағы республикалық референдум және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, электр қуатының тапшылығын, энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мен сенімділігін төмендету үшін Қазақстан Республикасының аумағында атом электр станциясын салу қажеттілігі туралы түсіндірілді. Кездесу белсенді талқылау форматында өтті. АЭС құрылысына қатысты қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.