2024 жылдың 19 қаңтарында аудандық мәслихат депутаты Ертаев Ерлан Әбілғазыұлы "AMANAT"партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

2024 жылдың 19 қаңтарында аудандық мәслихат депутаты Ертаев Ерлан Әбілғазыұлы "AMANAT"партиясы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында Дмитриевка ауылдық округінің Бурабай ауылының тұрғыны Жақсыбергенов Мақсат Серікқали интернет желісінің сапасыздығы және ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесімен жүгінді.
Тиісті ұйымдарға депутаттық сауалдар жіберілетіні туралы түсініктемелер берілді, жауаптар өтініш берушінің назарына жеткізілетін болады. Бұл мәселелер Дмитриевка ауылдық округі әкімінің бақылауында.