Бородулиха ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Виктория Анатольевна Мокроусованың төрағалығымен Бородулиха ауданының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, Бородулиха ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2022 жылға көктемгі егіс науқанына дайындық және өткізу барысы туралы, Жастар ресурстық орталығының Бородулиха ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат тыңдалды және қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері басшылардың ақпаратын назарға алып, мынадай ұсыныстар берді: кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына, мал шаруашылығын дамытуды, өсімдік шаруашылғы аясында субсидиялау бөйынша қолдау мақсатында көпжылдық шөптерді егуді кобейту бөйынша мониторингті тұрақты бақылауда ұстау. Жастар ресурстық орталығына жастар жобаларын әзірлеуде, жастар ұйымдарының қызметін қолдауда көмек көрсетуде жәрдемдесу, зияткерлік-шығармашылық іс-шаралар өткізу, ауданның округтерінде жастардың бос уақытын ұйымдастыру жұмыстарын күшейту.
Бородулиха ауданының қоғамдық кеңесі.