КЕЗЕКТЕН ТЫС XVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

22 сәуірде онлайн режимінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Альмира Кадырбайқызы Байболова қатысты.
Күн тәртібіне келесі мәселе енгізілді:
Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Шешімнің жобасы депутаттармен қаралып, мақұлданды.