GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Онлайн-приемная
Контакты
Документы
Пресс-центр
Деятельность
Об отделе
Все материалы
Основные направления деятельности
20 октября 2026
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі Бүгін Н. Островский атындағы орта мектеп базасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының I (аудандық) кезеңі өтті. / Районный этап республиканской олимпиады по лингвистике Сегодня на базе средней школы им. Н.Островского прошел I (районный) этап республиканской отборочной олимпиады по лингвистике.

Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі
Бүгін Н. Островский атындағы орта мектеп базасында лингвистика бойынша республикалық іріктеу олимпиадасының I (аудандық) кезеңі өтті.
Олимпиадаға Бородулиха ауданы мектептерінің 8–11 сыныптарынан 46 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – лингвистикаға қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және қолдау, олардың тілдік және аналитикалық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ дарынды оқушыларды зияткерлік жарыстардың келесі кезеңдеріне дайындау.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
8-сынып оқушылары арасында:
I орын – 1 қатысушы;
II орын – 2 қатысушы;
III орын – 2 қатысушы.
9-сынып оқушылары арасында:
I орын – 1 қатысушы;
II орын – 1 қатысушы;
III орын – 2 қатысушы.
10-сынып оқушылары арасында:
I орын – 1 қатысушы;
II орын – 2 қатысушы;
III орын – 2 қатысушы.
11-сынып оқушылары арасында:
I орын – 1 қатысушы;
II орын – 2 қатысушы;
III орын – 2 қатысушы.
Олимпиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге жетіп, олимпиаданың келесі кезеңдерінде жоғары нәтиже көрсетулеріңізге тілектеспіз!

 

Районный этап республиканской олимпиады по лингвистике
Сегодня на базе средней школы им. Н.Островского прошел I (районный) этап республиканской отборочной олимпиады по лингвистике.
В олимпиаде приняли участие 46 учащихся 8-11 классов школ Бородулихинского района.
Цель олимпиады-выявление и поддержка учащихся, интересующихся лингвистикой, развитие их языковых и аналитических способностей, а также подготовка одаренных учащихся к следующим этапам интеллектуальных соревнований.
По итогам олимпиады были определены победители и призеры.
Среди учащихся 8 класса:
I место-1 участник;
II место-2 участника;
III место-2 участника.
Среди учащихся 9 класса:
I место-1 участник;
II место-1 участник;
III место-2 участника.
Среди учащихся 10-х классов:
I место-1 участник;
II место-2 участника;
III место-2 участника.
Среди учащихся 11 класса:
I место-1 участник;
II место-2 участника;
III место-2 участника.
Поздравляем всех победителей и призеров Олимпиады! Желаем дальнейших успехов, новых достижений и высоких результатов на следующих этапах олимпиады!

Основные направления деятельности
Бюджет
Развитие среднего общего образования
07 августа 2026
Бородулиха ауданындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы қаралды

Бородулиха ауданындағы білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы қаралды

Абай облысы білім басқармасының мамандары Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығын зерделеді.

Жұмыс сапары аясында М. Әуезов атындағы орта мектепте жылу трассасын жөндеу жұмыстарының барысы қаралса, Коростели, Ә. Бөкейханұлы атындағы, Михайличенково, Сахновка және Краснополь орта мектептерінде жылу қазандықтарының алдағы жылыту маусымына дайындығы бағаланды.

Іссапар барысында білім бөлімінің басшысы мен мектеп басшылары нысандардағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі, жылыту жүйелерінің дайындығы және жаңа оқу жылын сапалы ұйымдастыруға бағытталған шаралар жөнінде ақпарат берді.

Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған мәселелер назарға алынып, оларды уақытылы шешу және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына толық дайын болуын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Абай облысы білім басқармасы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайды.

//

Специалисты департамента образования региона Абай изучат подготовку нескольких образовательных организаций к новому учебному году во время рабочей визиты в район Бородулика.

М во время рабочей поездки. Учитывая прогресс ремонта тепловой линии в старшей школе, названной в честь Аuezова, Коростели, А. Подготовка тепловых котлов для предстоящего сезона отопления была оценена в средних школах, названных в честь Бокикиханули, Михаиличенков, Сахновки и Краснопол.

Во время деловой визита руководитель департамента образования и директоры школ сообщили о текущей работе в инфраструктуре, состоянии инженерной инфраструктуры, подготовке систем отопления и мерах, направленных на организацию нового учебного года с высоким качеством.

Проблемы, выявленные в результатах мониторинга, были учтены, соответствующие задачи были предоставлены для их решения в своевременном порядке и для обеспечения того, чтобы образовательные учреждения были полностью готовы к новому учебному году.

Департамент образования региона Абай постоянно следит за работой, направленной на укрепление материальной и технической базы образовательных организаций и создание безопасного образовательного окружения.

Прием документов в первый класс
28 апреля 2026
1-сыныпқа қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды / Сроки приема в 1 класс перенесены на 27 мая

🔔 1-сыныпқа қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзіміне өзгерістер енгізілді.

Енді 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Аталған өзгеріс бастауыш білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін жаңарту аясында енгізілді.

🔔 Сроки приема в 1 класс перенесены на 27 мая

Сообщаем, что, согласно информации Министерства просвещения Республики Казахстан, внесены изменения в сроки приема документов в 1 класс.

Прием документов в 1 класс будет осуществляться с 27 мая по 31 августа 2026 года.

Данные изменения внесены в рамках обновления порядка оказания государственной услуги по приему в организации начального образования.

01 марта 2026
⚡️Білім беру ұйымдарының басшыларымен өткен кеңес қорытындысы

⚡️Білім беру ұйымдарының басшыларымен өткен кеңес қорытындысы

Цифрлық дәлдік пен кадрлық тәртіп — бүгінгі жиналыстың басты түйіні. 📌

​🖇️Бородулиха ауданының білім беру мекемелеріндегі НОБД базасын ретке келтіру және штаттық кестедегі сәйкессіздіктерді жою мәселелерін талқыланды.

📁Басшыларға деректердің дұрыстығына жеке жауапкершілік жүктелетінін ескерттілді.

​🎯Мақсатымыз — қағазбастылықтан арылып, нақты цифрлармен нәтижелі жұмыс істеу

⚡️Итоги совещания с руководителями организаций образования

Цифровая точность и кадровая дисциплина являются ключевыми моментами сегодняшнего собрания. 📌

​️ ️ Обсуждены вопросы упорядочения базы НОБД в образовательных учреждениях Бородулихинского района и устранения несоответствий в штатном расписании.

📁Учтено, что на руководителей возлагается персональная ответственность за достоверность данных.

​🎯Цель-избавиться от бумажной волокиты и продуктивно работать с конкретными цифрами

 

Основные направления деятельности
01 марта 2026
Жұмыс сапары: Білім беру нысандарын зерделеу

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Т. Мұратов пен білім бөлімінің басшысы Красный яр және Құнарлы ауылдық округтеріндегі мектептердің жай-күйімен танысты.
​🔎 Негізгі мәселелер мен шешімдер:
​🔹 Красный яр ауылдық округі: Красный яр, Уба-Форпостов және Песчанка мектептері (жалпы саны 149 оқушы) тексерілді. Оқушы санының тым аздығына байланысты (небәрі 9 бала) Уба-Форпостов орта мектебін жабу мәселесі қарастырылуда.
​🔹 Құнарлы ауылдық округі: Сахновка және Буркотов мектептерінде 42 бала білім алуда. Бала санының аздығына байланысты бұл білім ордаларын «орта мектеп» мәртебесінен «негізгі мектеп» форматына ауыстыру жоспарлануда.
​🔹 Кадр мәселесі: Ауыл мектептерінде маман тапшылығы сезіледі, кейбір мұғалімдер қаладан қатынап жұмыс істеуде. Бұл мәселені шешу үшін Облыс әкімінің «Қаладан ауылға» пилоттық жобасын іске асыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілетін болады.
​Жұмыс сапары барысында жылу қазандықтарының үздіксіз жұмысы мен балалардың қауіпсіздігі де ерекше бақылауға алынды. Білім сапасын арттыру мен мектептерді оңтайландыру жұмыстары жалғасады.

Исполняющий обязанности мэра района Т. Муратов и начальник управления образования ознакомились с ситуацией в школах Красногорского и Кунарского сельских округов.
🔎 Основные проблемы и решения:
🔹 Красный Ярский сельский округ: в школах Красного Яр, Уба-Форпостова и Песчанка (всего 149 учеников). Из-за нехватки учеников (всего 9 детей) рассматривается вопрос закрытия Уба-Форпостовской средней школы.
🔹Кунарский сельский округ: 42 ребенка обучаются в школах Сахновки и Буркотова. Из-за дефицита детей планируется изменить эти учреждения образования со статуса «средняя школа» на формат «главная школа».
🔹Кадровая проблема: В сельских школах дефицит специалистов, некоторые учителя работают из города. Для решения данной проблемы будут проведены конкретные работы по реализации пилотного проекта «От города в село» губернатора области.
В ходе рабочего визита также были учтены непрерывная работа отопительных котлов и безопасность детей. Продолжатся работы по повышению качества образования и оптимизации школ.

Конкурсы и олимпиады
25 февраля 2026
⚡️«Әбіш оқулары» конкурсының аудандық кезеңі

⚡️«Әбіш оқулары» конкурсының аудандық кезеңі

⚜️ Бүгін Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық мұрасына арналған «Әбіш оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өтті.

🎯«Әбіш оқулары» конкурсының мақсаты — Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеу, білім алушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сананы қалыптастыру болып табылады.

Конкурсқа ауданның 10 мектебінен өкілдер қатысты:

Абай атындағы ОМ; Ә. Бөкейхан атындағы қазақ мектебі;

Жезкент орта мектебі; Жезкент кентінің мектеп-лицейі;

Новопокровка ОМ; М. Әуезов атындағы ОМ; Бел-Ағаш ОМ;

Переменовка ОМ; Коростелев ОМ; Краснопол ОМ.

Конкурс төрт номинация бойынша өткізілді. Қатысушылар дайындық деңгейінің жоғарылығын, әртістік шеберліктерін, шығармашылық қабілеттері мен жазушы шығармаларын терең білетіндіктерін көрсетті.

Шығып сөйлегендердің сөздері мазмұндылығымен, мәнерлілігімен және көрнекті қазақстандық автордың әдеби мұрасына деген шынайы қызығушылығымен ерекшеленді.

🖇️Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын – 4 қатысушы;
ІІ орын – 5 қатысушы;
ІІІ орын – 7 қатысушы.

⚡ Районный этап конкурса «Абишские чтения»

⚜️ Бүгін Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық мұрасына арналған «Әбіш оқулары» конкурсының аудандық кезеңі өтті.

🎯Целью конкурса «Абишские чтения» является продвижение творческого наследия Абиша Кекилбаева, повышение интереса обучающихся к художественной литературе, привитие духовно-человеческих ценностей и патриотического сознания.

В конкурсе приняли участие представители 10 школ района:

ОМ им. А.А. Казахская школа им. Бокейхана;

Жезкент орта мектебі; Жезкент кентінің мектеп-лицейі;

Новопокровка ОМ; М. Әуезов атындағы ОМ; Бел-Ағаш ОМ;

Переменовка ОМ; Коростелев ОМ; Краснопол ОМ.

Конкурс төрт номинация бойынша өткізілді. Қатысушылар дайындық деңгейінің жоғарылығын, әртістік шеберліктерін, шығармашылық қабілеттері мен жазушы шығармаларын терең білетіндіктерін көрсетті.

Шығып сөйлегендердің сөздері мазмұндылығымен, мәнерлілігімен және көрнекті қазақстандық автордың әдеби мұрасына деген шынайы қызығушылығымен ерекшеленді.

🖇️Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Первое место - 4 участника;
II место - 5 участников;

 

 

Конкурсы и олимпиады
25 февраля 2026
⚡️Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған дзюдодан облыстық ашық біріншілігі

⚡️Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған дзюдодан облыстық ашық біріншілігі

Ақпанның 20-21 күндері Семей қаласында дзюдодан облыстық ашық біріншілік өз мәресіне жетті. 10 команда, 150-ге жуық қатысушы бақ сынаған бозкілемде біздің жас батырларымыз дара шықты!

Төлеубай Аманов атындағы орта мектебінің «BATYR» спорттық-патриоттық клубының намысын қорғаған шәкірттеріміздің нәтижесі:

🥇 Төлеухан Мирас (23 кг) — Алтын!
🥈 Кенжеғали Батырхан (32 кг) — Күміс!

Жас чемпиондарды және олардың бапкері К.К. Байболовты жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!

 

⚡️Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған дзюдодан облыстық ашық біріншілігі

20-21 февраля в Семе завершился региональный открытый чемпионат по дзюдо. 10 команд, около 150 участников, наши молодые герои вышли на соревнования!

Төлеубай Аманов атындағы орта мектебінің «BATYR» спорттық-патриоттық клубының намысын қорғаған шәкірттеріміздің нәтижесі:

🥇 Толеухан Мирас (23 кг) - Золото!
🥈 Кензгегали Батирхан (32 кг) - Серебро!

Поздравляем юных чемпионов и их тренера К.К. Байболова с яркими победами!

Основные направления деятельности
Конкурсы и олимпиады
12 февраля 2026
⚡️Баскетболдан жарыстың облыстық кезеңі.

⚡️Баскетболдан жарыстың облыстық кезеңі.

🏀 2026 жылдың 3-5 ақпан аралығында Семей қаласының №50 орта мектебінің базасында баскетболдан Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

🏐Жарысқа аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Николай Островский атындағы орта мектеп пен Т. Аманов атындағы орта мектептің жас спортшылары жоғары дайындық деңгейін, командалық рух пен жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Жарыс тартысты, әрі достық жағдайда өтіп, бұқаралық спортты дамытуға және оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізді.

Облыстық кезеңге қатысу мектеп командалары үшін маңызды тәжірибе болды және оқушылардың спорттық шеберлігін арттыруға мүмкіндік берді.

 

🏀 С 3-5 февраля 2026 года на базе СОШ No50 г. Семее проходил областной этап НШШ.

🏐 В конкурсе приняли участие победители районного этапа.

Основные направления деятельности
12 февраля 2026
⚡️Ф. Я. Вассерманның «БиС» технологиясын білім беру үдерісіне енгізу бойынша вебинар

📚 Бүгін Переменовка орта мектебінің педагогтері оқушыларды оқыту тәжірибесіне Ф. Я. Вассерманның «БиС» (Биоинформатика және синергетика) педагогикалық технологиясын енгізуге арналған вебинар өткізді.

🖇️Вебинар барысында қатысушылар «БиС» технологиясының теориялық негіздерімен, оның негізгі қағидаттарымен және сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолдану мүмкіндіктерімен танысты.

📒Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, білім алуға деген ынтасын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🗞️Мектеп педагогтері «БиС» технологиясын білім беру үдерісінде қолданудағы өз тәжірибелерімен бөлісіп, тапсырмалар үлгілері мен сабақтардың фрагменттерін көрсетті, сондай-ақ оны одан әрі енгізудің нәтижелері мен перспективаларын талқылады.

📖Вебинарға қатысушылар аталған технологияның білім сапасын арттыруда және оқушылардың танымдық белсенділігін жандандыруда тиімді екенін атап өтті.

🗂️Өткізілген вебинар кәсіби тәжірибе алмасу, қазіргі білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және мектеп оқушыларын оқыту мен дамытуға арналған жаңа тәсілдерді іздестіру алаңына айналды.

📚 Сегодня учителя Переменовской средней школы на опыте обучения учеников Ф. Я . Вассерман провел вебинар по внедрению педагогической технологии БиС (Биоинформатика и Синергетика).

🖇️ В ходе вебинара участники познакомились с теоретическими основами технологии «БиС», ее основными принципами и возможностями применения на разных этапах занятия.

Особое внимание было уделено организации учебной деятельности учащихся, усилению энтузиазма к обучению, развитию логического мышления и развитию навыков устойчивого чтения.

М️Педагоги школы поделились опытом применения технологии «БИС» в образовательном процессе, показали образцы заданий и фрагменты уроков, обсудили итоги и перспективы ее дальнейшей реализации.

📖 Участники вебинара отметили, что технология эффективна для повышения качества образования и стимулирования познавательной активности учащихся.

а️Вебинар стал площадкой для обмена профессиональным опытом, обсуждения актуальных вопросов образования и изучения новых способов обучения и развития школьников.

Основные направления деятельности
Конкурсы и олимпиады
12 февраля 2026
⚡️5–6, 7–8, 9–11 сынып оқушылары арасында шахматтан аудандық кезең жарысы

⚡️5–6, 7–8, 9–11 сынып оқушылары арасында шахматтан аудандық кезең жарысы

♟️Бүгін Н. Островский атындағы орта мектеп базасында 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында шахматтан аудандық жарыстың финалдық кезеңі өтті.

Финалға ауданның бес мектебінен алты команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1-орын — үш команда;

2-орын — екі команда;

3-орын — бір команда.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізді.

⚡️5–6, 7–8, 9–11 сынып оқушылары арасында шахматтан аудандық кезең жарысы

. ️Сегодня Н. Финальный этап районного соревнования по шахматам прошел среди учащихся 5-6, 7-8 и 9-11 классов в Островской средней школе.

Финалға ауданның бес мектебінен алты команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 место - три команды;

2 место - обе команды;

3 место - та же команда.

Конкурс был организован на высоком уровне и способствовал пропаганде здорового образа жизни среди школьников.

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы