Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыстары бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Өнер
  • Құқық
  • Ветеринария
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Қызмет көрсету (білім саласы)
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)

Қосымша талаптар

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.      

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.

Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің мемлекеттілік пен аумақтық біртұтастықты нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатын, стратегиялық, ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік міндеттерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, тапсырмаларын, сондай-ақ облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандар және Орал қаласы әкімдері аппараттарының жұмысын үйлестіру. Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, басқа да нормативтік актілерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің және аппарат басшысы тапсырмаларының аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерімен орындалуын тексеру бойынша бақылау-талдау жұмысы және олардың бақылау мәселелері жөніндегі қызметін бағалау. Облыс әкімі аппаратының облыстың аудандары мен Орал қаласы әкімдері аппараттарымен ақпараттық-талдамалық байланысын қамтамасыз ету. Облыс аудандары мен Орал қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси жағдайы, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуы бойынша тоқсан сайынғы жиынтық талдау. Зерделенетін мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар, анықтамалар мен мәліметтер әзірлеу. Жетекшілік ететін ауданда және Орал қаласында облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен өтетін отырыстар мен кеңестер, кездесулер және басқа да шаралар әзірлеу және өткізу кезінде хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету. Кеңестердің құжаттарын дайындау, өткізілуін ұйымдастыру, хаттамасын жүргізу. Облыс әкімнің халық алдындағы, облыстық мәслихат депутаттары алдындағы, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері алдындағы есептік кездесулеріне қатысты материалдарды жинақтап қорыту. Бөлімге жеке және заңды тұлғалардан түскен жазбаша және ауызша өтініштерді белгіленген тәртіппен қарау. Жетекшілік ететін аудандарда және Орал қаласында азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

«Білім беру», «Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Өнер», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Көрсетілетін қызметтер», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру», «Ветеринария» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.11.2022 – 21.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 мб

Сұхбаттасу күні

24.11.2022

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-06-30