Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің (бірыңғай) бас инспекторы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
327934
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық мiндеттерi:
Заңдылықты, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің жай-күйіне талдау жасауға қатысу. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, өкімдерінің, Үкіметі қаулыларының, басқа да республикалық нормативтік актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау және тексеруді қамтамасыз ету. Аппарат қызметінде заңнаманы жүзеге асыру, заңдылықты сақтау және норма шығармашылығы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. Жер қатынастары, ішкі саясат, жастар саясаты, экономика және қаржы саласындағы құқықтық мәселелер бойынша жетекшілік ету және қызметтік үйлестіру. Басшылыққа қол қоюға ұсынылған құқықтық актілер жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру, жетекшілік ететін мәселелері бойынша құқықтық құжаттардың жобаларына бұрыштама қою. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен жетекшілік ететін басқармалардың мүдделерiн бiлдiру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, соның ішінде мемлекеттік органның негізгі қызметінің мәселелері бойынша. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша бақылау-қадағалау сипатындағы ұсынулар мен ұйғарымдарды, сондай-ақ соттың жеке ұйғарымдарын қарау. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында жетекшілік ететін ұйымның қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Жетекшілік ететін басқармалардың бақылау міндеттеріне қатысты құжаттарды дайындауға қатысу, оның бақылау міндеттерін атқару барысында іс жүргізу әрекеттерін және заңдылықты сақтауын құқықтық бақылау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«Құқық» мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 11.11.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95