Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Агрономия
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Химия
- Биология
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Экология
- Гидрология
- Метеорология
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Биотехнология
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Өсімдік қорғау және карантин
- Қаржы
- Гидротехникалық құрылыс және ғимарат
- Метрология
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне басшылық жасау, тиісті уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орман өсiру, су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды қарастыратын басқарма жоспарын әзірлеу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету; мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысу; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру; жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, қоршаған ортаны қорғау;коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өздерiнiң функционалдық қарамағындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу; мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлеу және оларды орындауды iске асыру; орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы шешiм қабылдау; уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарамағындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлеу; өздерiнiң функционалдық қарамағындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдауға қатысу; мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман (өсіп тұрған сүрек үшін ставкаларды қоспағанда), жер үстi көздерiндегi су ресурстарын, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны және қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкаларының жобаларын дайындау; уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң функционалдық қарамағындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру бойынша тендерлер ұйымдастыру және өткiзу; орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген, өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру; уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттардағы жерді орман қоры жеріне ауыстыруды жүзеге асыру; республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзу; жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастыру және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз ету; жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң жобасын дайындау; мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiту; өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеу және бекiту, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету; ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысу; уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және бекiту және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге (қайта тіркеуге) беру; жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiту; жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын азайту; белгіленген режимді сақтай отырып, республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағында орналасқан жер учаскелерін пайдалануды жүзеге асыру; коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқару, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру; мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізу, иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізу; су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келiсу бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу; су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялармен келісім бойынша су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу; конкурстық негізде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру; бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдану; су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету; тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру; елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу; жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тiзбесiн бекiту; балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындарына және (немесе) учаскелерге жатқызу өлшемшарттарына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекiту; жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнiнде шешiмдер жобасын дайындау; кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдауға қатысу; жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу және келісімшарттар жасасу; бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті және халықаралық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу және келісімшарттар жасасу; аңшылық алқаптарының резервтiк қорында жануарлар дүниесiн қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнiң резервтiк қорын қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету; ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу; екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру; облыс аумағында жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және (немесе) қамтамасыз ету; резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтардың қырылу қаупі туындаған жағдайларда уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде мелиорациялық балық аулауды ұйымдастыру; құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау саласында келiсiмдер мен меморандумдар жасасу; объектілер салу жобасының ведомстводан тыс кешенді сараптамасы қорытындысының негізінде өз құзыреті шегінде жаңа объектілер салуға немесе бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) тыйым салу немесе рұқсат беру; I, ІІІ және ІV санат объектілерінің шаруашылық қызметіне экологиялық сараптама жүргізу;ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру; мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастыру; өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлеу; қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету; коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлеу және жергiлiктi өкілді органдарға бекітуге ұсыну; коммуналдық қалдықтармен жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзiрлеу және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға табыс ету; өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шараларының жоспарларын келісу; коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру; коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту; жасыл екпелердi күтiп-баптау мен қорғаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген жасыл екпелердi күтiп-баптау және қорғау қағидаларын әзiрлейдi; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), жаратылыстану ғылымдары (экология, геоэкология, табиғат пайдалануды басқару, химия, биология, биотехнология, гидрология, метеорология), құқық, ауыл шаруашылығы ғылымдары (мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, жерді мелиорациялау, құнарлылығын қалпына келтіру және қорғау, агрономия, топырақтану және агрохимия, аңшылықтану және аң өсірушілік, балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау, орман ресурстары және орман өсірушілік, су ресурстары және суды пайдалану, өсімдіктерді қорғау және карантині), техникалық ғылымдар және технологиялар (гидротехникалық құрылыс және ғимараттар, метрология, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы, тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, органикалық емес заттардың химиялық технологиясы, органикалық заттардың химиялық технологиясы, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 20.10.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-06-30