Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің жетекші маманы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары, орта білімнен кейінгі білім
Қосымша талаптар
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру материалдарын дайындау.Облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек демалысы кестесін құру, еңбек демалысы бойынша өкімдердің, бұйрықтардың жобаларын дайындау.Облыс әкімі аппаратында жұмыс уақытын есепке алу табелінің жүргізілуін және еңбек тәртібінің сақталуын, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы бақылау. Кадрлық іс қағаздарды, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу. Еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау. Мемлекеттік органдардың интернет порталында «Кадровик» бөлімі жүргізу. Облыс әкімі аппаратының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің сәйкестендіру карталарын беру және қайтаруды есепке алуды ұйымдастыру. Еңбек өтілі бойынша комиссия жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің, облыс әкімі аппараты басшысы бұйрықтарының жобаларын дайындау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Құқық», «Гуманитарлық ғылымдар», «Білім беру» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 21.10.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-06-30