Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы (уақытша негізгі қызметкердің 2024 жылдың 31 шілдесіне дейін жалақысы сақталмайтын демалысында болу кезеңіне)
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Басқарманың қызметіне басшылық жасау, ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау, жұмыспен қамту, этносаралық және конфессияаралық келісім, патриоттық тәрбие және жастар саясаты, тіл, ақпараттық, мәдени, гендерлік және отбасылық-демографиялық салаларда мемлекеттік рәміздерді насихаттау мәселелері бойынша өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметін ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу бойынша басқарманың жұмысын ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты, халық бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге, өңірдегі ірі қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдық-техникалық сүйемелдеуге, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге бағытталған практикалық және өзге де шаралар кешенін іске асыру, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім, мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласындағы шараларды ұйымдастыруға және іске асыруға қатысу, өңірлік деңгейде этносаралық салада мемлекеттік саясатты жетілдіруге қатысу, этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, даулы жағдайларға жол бермеу жөнінде ұсынымдарды әзірлеп, практикалық шараларды жүзеге асыру, өңірде Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау, ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету, саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени, құқық қорғау және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ-пен, ғылыми және шығармашылық қоғамдастықпен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру жөніндегі республикалық және өңірлік маңызы бар ақпараттық топтардың қызметін ұйымдастыру, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі (әкімдігі) жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингі мен бағалауды жүзеге асыру, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу, Басқарманың құзыретіне жататын қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі актілерінің жобаларын дайындау және сараптауға, жоғары тұрған мемлекеттік органдармен, Парламентпен, мәслихаттармен, облыс әкімінің аппаратымен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау арқылы ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (орнатылуын, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру, Батыс Қазақстан облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді жинауды, жинақтауды және уәкілетті органға ұсынуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану (орнату, орналастыру), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін- Батыс Қазақстан облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдардың, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдіктері филиалдарының (оқшауланған бөлімшелерінің) мәліметтерінің үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі, мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шараларға орайластырылған әлеуметтік жарнаманы орналастыру және сыртқы безендіру қызметін іске асыру туралы мәліметтерді уақтылы табыс етілуін, сондай-ақ дұрыс табыс етілуін бақылауды жүзеге асыру, туралы "Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптардың сақталуын бақылау, ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне бақылау жүргізу, сондай-ақ заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын жарнамаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасында және басқару туралы ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (жұртшылықпен байланыс, журналистика, халықаралық журналистика, аймақтану, саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), «Білім беру» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.kadr@bko.gov.kz
- 22.09.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8 (7112) 240630