Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
512005
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда
- Өнер
- Құқық
- Ветеринария
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Журналистика
- Аймақтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
- Қаржы
Қосымша талаптар
Қосымша ақпарат:
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық мiндеттерi:
Ішкі саясат, ұлтаралық қатынастар, мемлекеттік жастар саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, демографиялық саясат, діни конфессиялар, діни бірлестіктер, діни қызмет өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, дене шынықтыру және спорт, нашақорлықтың алдын алу және онымен күрес, көші-қон, балалардың құқықтарын қорғау, мәдениет және тіл саясаты мәселелері. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жұмыстарын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін салаларда цифрлық технологияларды қолдану және енгізу мәселелері. Білім беру, мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметіне жетекшілік етеді. Зейнетақы төлеу орталығы, «Бөрлі-жаршысы-Бурлинские вести» газеті редакциясының және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының, «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бөрлі аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның, аудандық пошта байланысы торабының, аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау және әділет басқармасының қызметін үйлестіреді. Ауған соғысы ардагерлерімен, Чернобыльдықтар қоғамымен, діни конфессиялармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, қозғалыстармен, ұлттық мәдени орталықтарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, нысан түріне қарамастан емдеу мекемелерімен қарым-қатынас жасайды. Ауданның аз қамтылған азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия, Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынаста болу және бірге қызмет ету комиссиясы, аудан әкімі аппаратының жанындағы діни бірлестіктермен байланысы жөніндегі комиссия, жастар ісі жөніндегі комиссия, ана мен бала өлімінің алдын-алу жөніндегі штаб және тарихи, мәдени мұраны сақтау жұмыстарын ұйымдастырады.Ауданның терроризмге қарсы комиссиясының жұмыс тобына басшылық етеді. Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдерімен, аудан аумағында қызмет ететін шетел компанияларымен, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындармен қарым-қатынас жасайды. Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақыруды қамтамасыз ету және әскерге шақыру жөніндегі комиссиясының жұмысын басқарады. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спортты дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламалардың іске асырылуына жалпы басшылық жасайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Өз өкілеттігі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: «Гуманитарлық ғылымдар»; «Білім»; «Құқық»; «Өнер»; «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес»: (қаржы, экономика, есеп және аудит, әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, қоғамдық байланыс); «Техникалық ғылымдар және технология»; «Жаратылыстану ғылымдары»; «Ауылшаруашылық ғылымдары»; «Ветеринария»; «Қызмет»; «Әскери іс және қауіпсіздік»; «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.08.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95