Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Математика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Мемлекеттік аудит
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық мiндеттерi:
Басқарманың қызметіне басшылық жасау. Басқарманың төмендегідей функциялардың орындалуы бойынша кешенді жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау: бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жыл сайын әзірлеу; стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды жəне Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, бесжылдық кезеңге арналған Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын әзірлеу,жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдармен келісу және Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу; стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды жəне Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын жыл сайын түзету; Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу; жыл сайын Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру туралы есепті қалыптастыру жəне мониторингілеу; мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде Батыс Қазақстан облысының даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және іске асыру бойынша қызметтің нəтижелілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды іске асыру; Мемлекет Басшысының Жолдауын, экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін əзірленген құжаттарды іске асыру жəне мониторингілеу; Батыс Қазақстан облысы бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын іс жүзінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша мониторинг жүргізу; Батыс Қазақстан облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыруды мониторингілеу және орталық мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну; жыл сайынғы негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі арасындағы Меморандумды әзірлеу, талдау жəне оның іске асырылуын мониторингілеу; Батыс Қазақстан облысының, қаласының және аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының ай сайынғы көрсеткіштерін талдау; ҚР Президенті Әкімшілігіне, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне жіберілетін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ай сайынғы есептерді дайындау; облыстың ауылдық елді мекендерінің əлеуметтік-экономикалық дамуын талдау жəне мониторингілеу, мониторинг қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға ұсыну; өңірлік стандарттар жүйесін анықтау үшін облыстың барлық ауылдық елді мекендері бойынша деректерді талдау және жинау; облыстың моноқаласын дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру мониторингі; шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу; облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысы бойынша мәселелерді пысықтау; «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру мониторингі; ауылдық жерлерде әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау жөніндегі («Дипломмен ауылға») бюджеттік бағдарламалардың мониторингін үйлестіру және жүргізу; «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша есеп пен ақпарат дайындау; Батыс Қазақстан облысы бойынша «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының мониторингі бойынша есепті қалыптастыру; жетекшілік ететін бағыттар бойынша облыс əкімдігінің отырыстарына материалдар дайындау; мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін енгізу және толтыру; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және әкімінің актілері жобаларын әзірлеу; жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, әлемдік экономика, маркетинг, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, мемлекеттік аудит, экономикалық кибернетика, экономика және басқару), «Жаратылыстану ғылымдары» (математика) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.08.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95