Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылыс және инфрақұрылымдық даму бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Су ресурстары және суды пайдалану
- Кескіндеме
- Графика
- Мүсін
- Дизайн
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Облыс әкімі аппаратының облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаларымен, Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменттерімен, облыстың коммуналдық кәсіпорындарымен және жетекшілік ететін салаға жататын басқа да мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Облыстық басқармалардың жетекшілік ететін мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және жетекшілік ету: энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы; мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауынан өтеді. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, Үкімет қаулыларының, Президент Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық мемлекеттік органдардың тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің хаттамаларының уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Үкіметтің, облыс әкімдігінің отырыстарына кеңестеріне және жұмыс топтарының отырыстарына анықтамалық-талдау материалдарын дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыстың жағдайы мен дамуын мониторингілеу және талдау. Мемлекеттік органның негізгі қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: ««Құқық», «Өнер» (мүсін, кескіндеме, дизайн, графика), «Әлеуметтік ғылымдар, экономикажәне бизнес», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» (Су ресурстары және суды пайдалану, мелиорация, энергиямен қамтамасыз ету), «Көрсетілетін қызметтер» (тасымалдану, қозғалысты ұйымдастыру және қөлікті пайдалану, салалар бойынша логистика), «Әскери іс және қауіпсіздік», соңдай-ақ көлік және автомобиль жолдары саласындағы мамандықтар.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 02.08.2022
- Аппарат акима Западно-Казахстанской области, 090000, г.Уральск, проспект Нурсултан Назарбаева 179
-
8(7112) 24 10 92