Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-O-1

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика

Қосымша талаптар

Қосымша ақпарат:

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.      

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.

Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

Функционалды міндеттер

Функционалдық мiндеттерi:

Басқарманың қызметіне басшылық жасау, басқарманың  міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, облыстық бюджет бойынша түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауы, бекітуді және жүргізуді жүзеге асыру, облыстық бюджеттің міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуын ұйымдастыруды және бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік ететін түсімдер бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу процесіне қатысады, бюджет ақшасын басқаруды ұйымдастыру, төлемдердің уақтылы және толық төленуін жүргізуді қамтамасыз ету үшін: бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемдерін және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профицитін (тапшылығын) және оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасау, облыстық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қозғалысы мониторингін жүргізу, міндеттемелердің уақтылы қабылданбау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдердің уақтылы жүргізілмеу себептерін анықтау, бюджет түсімдері мен шығыстарының атқарылу болжамдарын жасау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинау, бақылап отыру және талдауды жүзеге асыру, бюджеттік мониторинг нәтижелері бойынша тоқсан сайын және жыл қорытындысы бойынша облыс әкімдігіне жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе-ақпарат беру, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну, бюджеттік есепке алуды жүзеге асыру, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Бюджет кодексімен көзделген есептерді беру,  уақытша бос бюджет ақшасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салымдарына орналастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісімді жасау, бюджеттік кредитке қызмет көрсетуді жүзеге асыру, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның өңірдің бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалауды жүзеге асыруы шеңберінде облыс әкімдігіне ақпарат ұсыну, облыстық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру, облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізу, облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп беру, облыстық коммуналдық мүлікті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлігі деңгейіне беру жөніндегі шешімді қабылдайды және жұмыстарды жүргізу, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының шешімі негізінде аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктерін облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, облыстық коммуналдық мүлікті пайдалану, соның ішінде оны кепілге, жалға алуғажәнеөтеусіз пайдалануға беру жөніндегі шешімді қабылдайды және жұмыстарды жүргізу, облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз негізде кейіннен беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, облыстық коммуналдық мүліктің тиімді пайдаланылуынжәне сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру, облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару, жекешелендіру объектілерін сатып алу - сату шарттарының міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыру, ведомстволық бағынысты коммуналдық кәсіпорындардың (мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен серіктестіктердің) даму жоспарларына келісім беру, орындалуын бақылау және талдау жасау, іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау бойынша облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру, облыстық коммуналдық мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды басқару тиімділігіне мониторинг жүргізуді ұйымдастыру, сыйға тарту шарты бойынша мүлікті коммуналдық меншікке қабылау бойынша шешім қабылдайды және жұмыстарды жүргізу, облыстық бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелердің, облыстық мәслихат аппаратының, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ішкі істер атқарушы органының, облыстың тексеру комиссиясының мүліктерін есептен шығаруға келісім беру, Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының теңгеріміне бекітілген мүліктің тиімді пайдаланылуын және сақталуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікке қабылдауға және оны коммуналдық заңды тұлғаға беруге жататын мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін коммуналдық меншікке қабылдау туралы шешім қабылдау, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздарын шығаруға, орналастыруға, айналысқа қосуға, қызмет көрсетуге және өтеуге қатысты мәселелер бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, облыстың, ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің тиісті уәкілетті органдарының коммуналдық мүліктің пайдаланылуы және сақталуы бойынша жұмысын үйлестіру, коммуналдық мүлікке өздерінің құқықтарын іске асыру жөнінде өзара іс-қимылын ұйымдастыру, коммуналдық мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі нәтижелері бойынша проблемаларды анықтау және объектіні одан әрі дамытуды жүзеге асыру (Орал қаласы мен аудан әкімдерінің ұсынысы негізінде), салалық және жергілікті атқарушы органдар үшін объектілерді өңір экономикасына тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу, мониторинг объектілерін басқару тиімділігі мониторингінің электрондық деректер базасын жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.Қазақстан Республикасының заңнамасымен және басқарма туралы ережемен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, әлемдік экономика, маркетинг, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), жаратылыстану ғылымдары (математика) мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.07.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.07.2022 – 13.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

18.07.2022

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179

Анықтама алу үшін байланыс

Телефон 8-711-2-24-10-95