Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қосымша ақпарат:
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық мiндеттерi:
Бухгалтерлік есепті сапалы және уақтылы жүргізу, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру саласындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес талаптарын сақтау. Құжаттардың уақытында және дұрыс ресімделуін, жасалатын операциялардың заңдылығын алдын ала бақылауды жүзеге асыру. Бюджеттік бағдарламаларды білікті және дер мерзімінде жүзеге асыру, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, міндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарлары мен бекітілген бюджеттік бағдарламаларға сәйкес қаржының дұрыс, тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау. «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдармен тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге төлеу үшін төлем құжаттарын жасақтау. Бағдарлама бойынша күн сайынғы операцияларды жүргізу. «SWIFT» файльдар каталогын құру арқылы «Әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі» бағдарламасы базасында әлеуметтік және зейнетақы аударымдарына шоттарды ресімдеу, мекеме қызметкерлеріне уақытылы жалақы төлеу. Бюджеттік жіктеме ерекшеліктері кескінінде бюджеттік өтінім үшін материалдарды дайындау. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес аппараттың материалдық-техникалық құралдарға қажеттілігін есептеу, өнім берушілердің баға ұсыныстарын жинау және талдауды қоса, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, бағалар мен тарифтер нарығын зерделеу. Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлеу, келісу, ашық бюджеттердің интерактивті картасына ақпаратты уақытылы орналастыру және өзгерістер енгізу. Мемлекеттік мекемелермен және жекелеген тұлғалармен қаржыландыру жоспарларын орындау барысында туындайтын есеп айырысуларды уақтылы жүргізу, материалдық-техникалық құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтардың қозғалысын есепке алу, ақшалай қаражатты, есептер мен материалдық құндылықтарды есепке алу және түгендеу жүргізу, түгендеу нәтижелерін уақтылы және дұрыс айқындау және оларды есептерде көрсету, белгіленген көлемдер, нысандар, мерзімдер және кезеңдерде және тәртіппен қаржылық және бюджеттік (жергілікті бюджет бойынша), статистикалық есептіліктерді құру және ұсыну, активтер мен қорлардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Операциялар жасалған күндер бойынша жүйелей отырып (хронологиялық тәртіппен) тексерілген және қабылданған құжаттар негізінде мемориалдық ордерлерді ресімдеу. Бастапқы құжаттарды, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін қағаз және электрондық нұсқаларда, есептіліктерді, есеп саясатын, есепті мәліметтерді және есептерді электрондық өңдеу бағдарламаларын, басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен архивке тапсыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
««Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы), «Құқық» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 27.05.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95