Батыс Қазақстан облысы ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының басшысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 6 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Педагогикалық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Өнер және гуманитарлық ғылымдар (білім беру саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Математика
- Физика
- Информатика
- Құқықтану
- Экономика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Қызмет көрсету (білім саласы)
- Кітапхана ісі
Қосымша талаптар
Қосымша ақпарат:
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Жергілікті атқарушы орган және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өткізетін ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық мiндеттерi:
Басқарманың қызметіне басшылық жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын, жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын енгізу жөніндегі талаптардың сақталуын, «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы негізінде, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сарапшылық кеңеспен келiсім бойынша мемлекеттік органның архитектурасын облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді және оның іске асырылуын қамтамасыз ету, облыстың жергілікті атқарушы органдарының бірыңғай мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құрады және дамыту, облыстың жергілікті атқарушы органдарының электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуына, анықтығына және өзектілігіне мониторингті жүзеге асыру, «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында ақпараттық жүйелерді тіркеуді, ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері туралы ақпаратты өзектендіруді, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді, техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды және оның сұрауы бойынша оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына ұсынуды қамтамасыз ету, цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау, уәкілетті органмен келісім бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін облыс әкімдігіне бекітуге енгізеді және оның орналастыруын, облыстың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастырады, сондай-ақ өз контентінің анықтығын және өзектілігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу, өз құзыры шегінде ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және шаралар қабылдау, облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтар және мүдделі ұйымдармен ақпараттандыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылын үйлестіреді, консультациялық және әдістемелік көмек көрсету, облыс аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін және көрсетілетін қызметті алушылардың хабардарлығын қамтамасыз ету, көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды, көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды алу, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар алуды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынуды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына беру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды және мониторингілеуді жүргізу, облыс аумағында архив iсi және құжат жасауда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыру, облыстың мемлекеттік архивтерінің сақтауына қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастыру, облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзеді және олардың сақталуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштердің қорғалуын, олардың сақталуы мен пайдаланылуын, құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру, облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастыруын үйлестіру, облыстың аумағында орналасқан Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылықты және бақылауды жүзеге асыру, Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалану, сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi облыс әкімдігіне бекітуге енгізу, облыстың тарихы бойынша архивтік құжаттарды жинауды және кері қайтаруды жүзеге асыру, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және басқарма туралы ережемен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі басқарма жұмыстарын ұйымдастыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
Педагогикалық ғылымдар: жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (информатика, математика-информатика, физика-информатика, педагогикалық ғылымдармен байланысты пәнаралық бағдарламалар); өнер және гуманитарлық ғылымдар: гуманитарлық ғылымдар; әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат: журналистика және ақпарат (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, кітапхана ісі); бизнес, басқару және құқық: бизнес және басқару (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), құқық (құқықтану); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, телекоммуникациялар, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен байланысты пәнаралық бағдарламалар мамандықтары, техникалық ғылымдар және технолгиялар, қызмет көрсету бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.05.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 179
-
8-711-2-24-10-95