Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің орынбасары
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
512005
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда
- Өнер
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Аймақтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Туризм
- Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
- Әлеуметтік жұмыс
- Мәдени-тынығу жұмысы
- Кітапхана ісі
Қосымша талаптар
Қосымша ақпарат:
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық мiндеттерi:
Аудан деңгейінде ішкі саясатты, жастар саясатын іске асырады. Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық-саяси және діни бірлестіктердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады. Мәдениет пен өнер, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі, туризм және спорт салаларындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың, қылмыстық жазалауды атқаратын мекемелердің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, қоғамдық және аймақтық бірлестіктермен, саяси партиялармен және шығармашылық одақтармен өзара байланысты жүзеге асырады.
Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайтуға жауапты болып табылады. Жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдердің барлық түрлерінің, уақытында және толық төленуіне бақылау жасайды. Тұрғын халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, көші-қон және демографиялық саясат, зейнетақымен қамтамасыз ету меселелерін шешеді. Отбасылық-демографиялық саясат, гендерлік саясат. Жетекшілік жасайтын салалары бойынша бюджеттік қаржыны мақсатты, тиімді және дер кезінде игеруді бақылауда ұстайды.
Жетекшілік ететін салалары бойынша:
-Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Үкіметтің, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын;
-мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Жетекшілік ететін салаларында «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» секілді мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын бақылайды.
Мерзімді әскери тіркеу және қызметке шақыруды ұйымдастыру, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жұмыстарын үйлестіреді.
Теректі ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жетекшілік етеді.
Аудандық жұмыспен қамту орталығы, аудандық мұрағат, аудандық санитарлық-эпидемиология басқармасы, аудандық қорғаныс істері бөлімі, аудандық білім беру бөлімі, аудандық ішкі істер бөлімі, денсаулық сақтау ұйымдары, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, аудандағы халыққа қызмет көрсету орталықтарымен жұмыстарды үйлестіреді. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері мен өзге де жүгінулерін қарайды.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«Білім», «Гуманитарлық ғылымдар», «Жаратылыс ғылымдары», «Құқық», «Өнер», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (аймақтану, қоғамдық қатынастар, журналистика, саясаттану, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), «Қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыстар; тұрмыстық қызмет көрсету және сервис, мәдени-демалыс жұмыстары, туризм, әлеуметтік-мәдени сервис, кітапхана ісі), «Техникалық ғылымдар және технология» (қоршаған ортаны қорғау және өмір қауіпсіздігі), «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» (медицина) мамандығы бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 12.05.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95