Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің бас инспекторы (индексі 02-16-4)

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

327223

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Өнер
  • Құқық
  • Ветеринария
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)

Қосымша талаптар

Қосымша ақпарат

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның интернет-ресурсына орналастырылады.

Кандидаттың келісімі бар болған жағдайда оның конкурс комиссиясымен әңгімелесудің бейнежазбасы мемлекеттік органның интернет ресурсында орналастырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары негізінде жүргізіледі

 

Функционалды міндеттер

Функционалдық мiндеттерi:

Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің мемлекеттілік пен аумақтық біртұтастықты нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатын, стратегиялық, ұзақ мерзімдік және орта мерзімдік міндеттерін, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, тапсырмаларын, сондай-ақ облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырмаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандар және Орал қаласы әкімдері аппараттарының, облыстық басқармалардың жұмысын үйлестіру. Облыс әкімі аппаратының облыстың аудандары мен Орал қаласы әкімдері аппараттарымен, облыстық басқармалармен ақпараттық-талдамалық байланысын қамтамасыз ету. Аудандар мен Орал қаласы әкімдері аппараттарына, облыстық басқармаларға ұйымдастыру-бақылау жұмысының әдістері мен тәсілдерін жетілдіруде практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің, облыс әкімдігі басқармаларының Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, ұлттық жобаларды, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарын, стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің міндеттері мен тапсырмаларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімінің тапсырмаларын орындауын бақылау, тексеру және бағалау. Құжаттар мен тапсырмаларды бақылаудан алу бойынша ұсыныстар енгізу.

Басшылыққа жетекшілік ететін аудандар мен Орал қаласындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай туралы күн сайын баяндау. Жетекшілік ететін аудандар мен Орал қаласындағы, облыстық басқармалардағы проблемалы, сондай-ақ қойылатын мәселелерін зерделеу және оларды шешу жөнінде тиісті ұсыныстар енгізу. Облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму және қоғамдық-саяси жағдайдың процестеріне талдау және мониторинг жүргізу, ұлттық жобалардың, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, облыс әкімінің міндеттері мен тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу, мониторинг қорытындысы бойынша облыс басшылығына ұсыныстар әзірлеу және енгізу. Облыс әкімдігі отырыстарын, облыс әкімінің кеңестерін, облыс әкімі жанындағы комиссиялар мен кеңестердің отырыстарын, облыс әкімінің қатысуымен өтетін конференцияларды, семинарларды, кездесулер мен өзге де іс-шараларды ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ету және ұйымдастыру.  Жетекшілік ететін ауданда және Орал қаласында, облыстық басқармаларда облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен өтетін отырыстар мен кеңестер, кездесулер және басқа да шаралар әзірлеу және өткізу кезінде хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету. Жүргізілген тексерулердің қорытындылары бойынша анықтамалар мен ақпаратты, сондай-ақ заң бұзушылықтарды жою және оларды болдырмау, аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің, облыс әкімдігі басқармаларының қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерінің, облыс әкімдігі басқармаларының қызметі нәтижесін облыс әкімінде, аппарат басшысында және оның орынбасарларында қарау үшін талдау материалдарын әзірлеу. Сайлау комиссияларына облыс аумағында тиісті сайлаулар мен референдумдар өткізу жөніндегі өз құзыреттерін іске асыруларына көмек көрсету мәселелері бойынша облыстық сайлау комиссиясымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету.

Облыс әкімі аппараты, облыстық мәслихат, облыстық сайлау комиссиясы мен  Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы арасында сайлау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру. Облыстағы сайлаушылар қозғалысы мен базаны тоқсан сайын жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесі кураторларының шұғыл тапсырмаларының уақтылы және сапалы ұсынылып, орындалуын бақылау. Бөлімнің негізгі қызметі мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді белгіленген тәртіппен қарау.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

«Білім беру», «Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Өнер», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Көрсетілетін қызметтер», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Ветеринария» мамандықтары бойынша жоғары  немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім    

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 11.04.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.04.2022 – 20.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

26.04.2022

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-10-92