Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы (индексі 03-8-5)
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
282293
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
- А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Өнер
- Құқық
- Ветеринария
- Білім (білім саласы)
- Өнер (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
- Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Қызмет көрсету (білім саласы)
- Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
Қосымша талаптар
Қосымша ақпарат:
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық мiндеттерi:
Облыс әкімі орынбасарының, облыс әкімі аппаратының Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен, орталық атқарушы органдармен, аудандар мен Орал қаласы әкімдерінің аппараттарымен, облыстық басқармалармен және басқа да мемлекеттік органдар және ұйымдармен облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл, үйлестіру, бақылау, ақпараттық алмасу жөніндегі қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық қамтамасыз ету. Аудандар мен Орал қаласы әкімдіктерімен, облыс әкімдігі басқармаларымен Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, ұлттық жобаларды, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, стратегиялық жоспарлар мен бағдарламаларды, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің міндеттері мен тапсырмаларын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелері бойынша тапсырмаларының орындауын бақылауды, тексеруді, орындауды қамтамасыз ету. Облыстағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалдың даму процестеріне мониторинг жүргізу, ұлттық жобалардың, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының, стратегиялық жоспарлар мен бағдарламалардың, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарының жетекшілік ететін мәселелері бойынша міндеттері мен тапсырмаларының іске асырылуын қамтамасыз ету және орындалуына мониторинг жүргізу. Облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өтетін облыс әкімі орынбасарының кеңестерін, комиссиялар мен кеңестердің, консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарын, облыс әкімі орынбасарының қатысуымен өтетін конференцияларды, семинарларды, кездесулерді және басқа да іс-шараларды, оның ішінде облыс ішінде және облыстан тыс жерлерде әкім орынбасарының сапарлары мен іссапарларын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру және сүйемелдеу. Облыс әкімі орынбасарының қатысуымен отырыстарды, кеңестерді, кездесулерді және басқа да іс-шараларды дайындау және өткізу кезінде хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету. Анықтамалық және басқа да материалдарды, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін мәселелер бойынша облыс әкімінің орынбасарында қарау үшін ұсыныстар дайындау. Облыс әкімінің орынбасарына келіп түсетін кіріс және шығыс хат-хабарларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау тапсырмаларын және басқа да құжаттарды бақылауды, уақтылы қарауды және орындауды қамтамасыз ету. Облыс әкімі орынбасарының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Парламенттің, Есеп комитетінің, орталық атқарушы органдардың және олардың ведомстволарының, басқа да мемлекеттік органдардың кеңестері мен іс-шараларына облыс әкімі орынбасарының қатысуын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«Білім беру», «Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Өнер», «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Көрсетілетін қызметтер», «Әскери іс және қауіпсіздік», «Ветеринария» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.03.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
8-711-2-24-10-92