Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз-хатшысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
- баспасөз хатшысы лауазымына осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуына рұқсат етіледі;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Білім (білім саласы)
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық мiндеттерi:
Бұқаралық ақпарат құралдарында облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қызметімен байланысты, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қатысты ақпараттарға талдау жүргізу. Ақпараттық саясат мәселелері бойынша облыстың мемлекеттік билік органдарының ведомствоаралық өзара іс-қимылын ұйымдастыру. Интерактивті құралдар арқылы әкімнің облыс тұрғындарымен байланысын жүзеге асыру. Облыс әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының қатысуымен мемлекеттік билік органдарымен бірлесе баспасөз конференциялары мен брифингтер ұйымдастыру және өткізу, баспасөз-релиздерінің таралуын қамтамасыз ету. Облыс әкімі және әкім аппаратының қызметін жарықтандыратын теле-радиохабарлар мен бағдарламалар, фото өнімдері мен басқа да материалдар ұйымдастыру. Қызмет құзырына жататын мәселелер бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыс әкімі аппаратының бөлімдерімен, облыстық басқармалармен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекеттік органдардың медиа жұмысын үйлестіру және қызметті ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау және енгізу. Облыс әкімі үшін спичрайтингті материалдарды жедел дайындау, соңдай-ақ облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына ресми мәлімдемелер, хабарламалар, баспасөз-релиздерін, құттықтаулар, көңіл айтулар және өзге де ақпараттық материалдар дайындау және тарату. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтер, сұхбаттар мен кездесулер ұйымдастыру. Облыс, қала, аудандардағы медиа жұмыстың барлық бағыттары бойынша электрондық деректер қорын жедел жаңартуды қамтамасыз ету. Интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету, оны кешенді реконструкциялау, дизайнын жетілдіру, жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу. Мемлекеттік органның және (немесе) оның бірінші басшысының интернет-ресурсындағы ақпараттарды уақтылы өзектендіру.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» «Білім беру», «Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 25.02.2022
- Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179
-
Телефон 8-711-2-24-10-95