Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ақпараттандыру бөлімінің жетекші маманы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары, орта білімнен кейінгі білім
- Құқық
- Қызмет көрсету (білім беру саласы)
- Математика
- Информатика
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.
жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Әңгімелесу және өзге де іріктеу өткізу кезінде кандидат, егер бұл конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедерігі келтірмесе, техникалық жазба құралдарын пайдалана алады.Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қортынды сын алған кандидаттың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі.
Функционалды міндеттер
Функционалдық мiндеттерi:
Жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдармен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын үйлестіреді және бақылайды. Цифрландыру мәселері бойынша материалдарды қалыптастырады, отырысты дайындайды, өткізетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы уақтылы хабардар етеді және оларды қажетті материалдармен қамтамасыз етеді. Облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, облыстың мемлекеттік органдарымен және субъектілерімен салаларды цифрландыру және жобалық басқару мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. Цифрландыру мәселелері бойынша ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асырады және бөлім басшысына тиісті мәліметтер енгізеді. Облыс басшылығына есептерді, оның ішінде цифрландыру мәселелері бойынша ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді дайындау. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында облыс әкімдігі мен құрылымдық бөлімшелердің интернет-ресурсын сүйемелдеу бойынша жұмысты үйлестіреді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру мониторингін жүргізеді. Облыс әкімі аппаратының «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорына келіп түсетін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер өтініштерінің тіркелуін бақылайды. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша қала және аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың жұмысына ішкі бақылау және талдау жүргізеді. Бюджет бойынша ашық деректер мен ақпаратты орналастыруға және уақтылы жаңартуға, «Ашық үкімет» порталдарында сауалнамалар мен интернет-конференциялар өткізуге ішкі бақылау жүргізеді. Мемлекеттік органдардың Интранет-порталында (МОИП) «Құжаттар кітапханасы» модулін толтыруға мониторинг жүргізеді. Президент Әкімшілігі жанындағы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысында, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша бағалауға уәкілетті органның қорытындысында («Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша) көрсетілген ұсынымдардың орындалуын қамтамасыз етеді. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру және ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органда жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді және т. б. Облыс әкімі өткізетін аппараттық кеңестердің және Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша басқа да іс-шаралардың хаттамаларын ресімдейді, орындалуын бақылауды жүзеге асырады, орындалған тапсырмалар бойынша ақпарат дайындайды. Жоғары тұрған басшылықтың және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың хаттамалық тапсырмалары мен тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауды, Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің блогына азаматтардың жазбаша өтініштері мен азаматтардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша ақпараттық-талдау материалдарын, анықтамаларды, жазбаларды дайындау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика), «Жаратылыстану ғылымдары» (математика, информатика), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамту, математикалық және компьютерлік үлгілеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар), «Білім беру» (информатика, математика), «Көрсетілетін қызметтер», «Құқық» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.02.2022
- Аппарат акима Западно-Казахстанской области, 090000, г.Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 179
-
Телефон 8(7112)241095