Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімінің ішкі саясат, білім және мәдениет саласы мәселелері жөніндегі орынбасары

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-1

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда

Мамандығы

  • Өнер
  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Туризм
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Кітапхана ісі
  • Әскери іс және қауіпсіздік (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)

Қосымша талаптар

Қосымша ақпарат:

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.

Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.      

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларына, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

Функционалды міндеттер

Функционалдық мiндеттерi: Ішкі саясат, ұлтаралық қатынастар, тілдерді дамыту, мемлекеттік жастар және демографиялық саясат мәселелері; аудандық маслихатпен өзара іс-қимыл, діни конфессиялар өкілдерімен өзара байланыс жасау мәселелері; нашақорлықтың алдын алу және онымен күрес, жасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселелері; аудандық ішкі істер бөлімінің жұмысын үйлестіру және қоғамдық тәртіп мәселелері; ауданның ішкі саясат, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік  бағдарламалар бөлімдерінің, редакцияның қызметтеріне жалпы бақылау жасау және  жетекшілік  ету; аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; денсаулық сақтау, колледж, қорғаныс бөлімі, аудандық  мұрағат, мұражай, зейнетақы төлеу орталығы, жинақтаушы зейнетақы қоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандағы бастамашыл тобының қызметін үйлестіру; қоғамдық және діни ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен  өзара байланысты жүзеге  асыру; білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризмді дамыту жөніндегі аймақтық бағдарламалардың іске асырылуына жалпы басшылық жасау; терроризм профилактикасы мәселелері; еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік әріптестік, көші-қон саясаты, оралмандарды қабылдау және жайластыру мәселелері; өзінің құзырына кіретін мәселелер бойынша тиісті мекемелер және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; жетекшілік ететін салаларда цифрлық технологияларды қолдану және енгізу мәселелері; Мемлекет басшысының, Президент әкімшілігінің, Үкіметтің, облыс, аудан әкімдері тапсырмаларының орындалуын, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, облыс, аудан аумақтарын дамыту бағдарламаларының іске асырылуын, аудан рейтингісі мен ауылдық округ әкімдерінің рейтингісі көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асыру; өз өкілеттігі шеңберінде жеке және  заңды тұлғалардың  арыз - өтініштері  мен өзге де жүгінулерін қарау; өз құзыреті шегінде Ақжайық ауданы әкімі мен әкімдігі атынан олардың мүддесін соттарда және/немесе басқа да құқықтық органдарда қорғау, өкіл ретінде қатысу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «гуманитарлық ғылымдар», «білім», «жаратылыстану ғылымдары», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (әлеуметтану, саясаттану, психология, журналистика, аймақтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету, қоғамдық байланыс), «өнер», «қызмет көрсету» (туризм, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, мәдени-тынығу жұмысы, кітапханатану және библиография, кітапхана ісі, әлеуметтік жұмыс), «құқық», «әскери іс және қауіпсіздік» 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 21.01.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.01.2022 – 26.01.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

31.01.2022

Сұхбаттасу орны

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 090000, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 179

Анықтама алу үшін байланыс

8-711-2-24-10-92