Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты кеңсесінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне 22.07.2022 жылға дейін, негізгі жұмыскердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар)

Мемлекеттік орган

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

210087

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Өнер
  • Құқық
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)
  • Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)

Қосымша талаптар

           Қосымша ақпарат:

          А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады.

           Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан және эсседен бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі.      

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін  отырысқа  байқаушылар шақырылады. Байқаушылар да қажет болған жағдайда кандидаттармен әңгімелесуге қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы қатыса алады.

           Осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері де қатысуға құқылы.

           Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

           Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

            Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

            Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағида), негізінде жүргізіледі.

 

Функционалды міндеттер

Функционалдық мiндеттерi:

Орталық мемлекеттік органдардан, облыстар, қала, аудандар әкімдері аппараттарынан, басқа да тұлғалардан келіп түскен («Құпия» белгісі бар құжаттарды қоспағанда) барлық кіріс құжаттарын қабылдау, бастапқы өңдеу, алдын алу  қарау. Орталық мемлекеттік органдардан, облыстар, қала, аудандар әкімдері аппараттарынан, басқа да тұлғалардан электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, пошта және фельдегерлік қызмет бойынша және қолма-қол келіп түскен барлық хат-хабарларды аппарат басшылығына және құрылымдық бөлімшелерге уақтылы бөлуді қамтамасыз ету. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, пошта және фельдегерлік қызмет бойынша және қолма-қол келіп түскен жеделхаттарды, телефонограммаларды, шақыру хаттарын басшылыққа және құрылымдық бөлімшелерге уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету. Орталық мемлекеттік органдардан, облыстар, қала, аудандар әкімдері аппараттарынан, басқа да тұлғалардан келіп түскен кіріс құжаттарын бақылауға қою және уақтылы бақылаудан алу. Облыс әкімі аппаратынан «Құпия» белгісі бар құжаттардан басқа шығыс хат-хабарларды уақтылы жіберу. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, пошта және фельдегерлік байланыс бойынша шығыс хат-хабарларында құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары өлшемшарттарының сақталуын бақылау. Шығыс хат-хабарларын (бастамашыл хаттар, облыс әкімінің қолымен кететін хаттардан басқа, жауап хаттар (орталық мемлекеттік органдардан, облыстар, қала, аудандар әкімдері аппараттарынан, басқа да тұлғалардан), ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидаларының өлшемшарттары бойынша жіберу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

«Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «Құқық», «Гуманитарлық ғылымдар», «Білім беру», «Техникалық ғылымдар және технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары», «Көрсетілетін қызметтер», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Өнер» мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.11.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.11.2021 – 25.11.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

30.11.2021

Сұхбаттасу орны

Аппарат акима Западно-Казахстанской области, 090000, г.Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 179

Анықтама алу үшін байланыс

анықтама үшін телефон: 8-(7112)-24-10-95